• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Тамыз, 2017

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила айына 500 мың теңге табу жолын үйретті

1022 рет
көрсетілді

- Билл Гейтстің «Егер де бизнесін ғаламтордан орын алмаса, онда бизнесің мүлдем жоқ деп айтуға болады» деген. Сондықтан заман ағымына сай цифрлық технологияларды меңгеруіміз қажет, - дейді Павлодардағы «Жастар бастамаларын дамыту» орталығында кездесу өткізген кәсіпкер.

Ахметбек Нұрсиланың қатысыумен облыс орталығында еліміздегі «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебінің филиалы ашылды. Жаңаша мектептің алғашқы ашылу рәсімін өткізген кәсіпкер кездесу барысында табысқа жетудің қыр-сырын айтып берді. Естай атындағы мәдениет сарайында өз кәсібін ашып, одан әрі жетілдіруге ниет білдірген тұрғындарға арналған тренинг өтті.

Ал бизнесменнің айтуынша, кәсіпкерлер мектебінің ашылу мақсаты – шағын және орта бизнесті дамыту. Жалпы, оқыту бағдарламасы – сала таңдау, жарнама мәтінін құрастыру, баннер, сайт жасау, сайт техникасы, таргетинг, сату өнері, бейнеролик сияқты бірнеше кезеңдерден тұрады. Мысалы, 60 күнге созылатын «Аламан» курсының онлайн режіміндегі бағасы 55 мың теңге.  

Енді осы кәсіпкермен болған бизнес кездесуден кейін айына 40-45 мың теңге еңбекақы алып жүрген адамдардың айына жарты миллион ақша табулары да мүмкін екен. Өйткені олар қалай мол табысқа, көп ақша табудың жолдарын үйренеді. Яғни, әркімнің өз бизнесін дамыту үшін ең бастысы ерік-жігер мен ниет, білім керек. Бірақ, курсқа қатысушылар қатары әлі де аздау. Ахметбек Нұрсиланың айтуынша, біздің облысқа қарағанда еліміздің Батыс Қазақстан, Қызылорда, Астана, Оңтүстік Қазақстан өңірлерінің тұрғындары белсенділік танытуда. Қатысушылардың аз болуы мүмкін, өндірісті өңірде шоғырланған ірілі-ұсақты кәсіпорындардың көптігі, жұмыс орындарының дені зауыттарда, кәсіпорындарда болғандықтан көпшілік тұрғындар өндірісте еңбек етеді.

Ахметбек Нұрсила кезінде Павлодар қаласындағы «Асыл ағаш» жиһаз жасау фирмасында қызмет еткен. Сол кездері Италия, Канада, Американың еріктілерімен байланыс орнатып, көп нәрсені үйренгенін де айтып өтті.

- Жалпы, бизнес мектебі адамның қаржысыз өз ісін бастауды, дұрыс өмір сүруді, уақытты жоспарлауды үйретеді. Содан соң адам өз командасын жинайды. Бизнес адамдарға пайда әкелу керек, - дейді кәсіпкер

Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»