• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Тамыз, 2017

Екі ел ынтымақтастығына өріс кең

177 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Түркия арасын бүгінде түбі бір туыстық қа­рым-қатынастар барынша жа­қындастыра түсіп отыр.

Әлемді шар­пыған экономикалық мәселе­лерге қарамастан, 2016 жылы екі ел арасындағы сауда айналымының кө­лемі 2,5 млрд долларды құрады. Қазақстанда ең көп инвестициялық жо­баларды жүзеге асырған елдердің бірі де – Түркия. Таяу болашақта екі­жақты сауда айналымының жыл­дық көлемін 10 миллиард дол­лар­ға дейін жеткізу, бірлескен кәсіп­орын­дардың санын көбейту, инвестиция көлемін арттыру көзделуде.

Түркия Қазақстанның халық­ара­лық бастамаларына да үнемі қол­дау білдіріп келеді. Бұл бауыр­лас ел ЭКСПО-2017 көрмесінің Қа­зақ­­станда өтуіне де барынша қол­дау та­нытты. Осындай ниеттес, ұс­та­ным­дары ұқсас мемлекеттердің кө­мегі нә­ти­жесінде бүгінде Астанада атал­ған көрме аса жоғары деңгейде өтіп жатыр.

Бүгін елордада ЭКСПО-2017 көр­месі аясында Түркияның ұлттық күні ұйымдастырылады. Осы күні көрме аумағында туысқан ха­лық­тың бай салт-дәстүрі мен мәдениеті көр­меге келушілердің назарына ұсынылатын болады.