• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Тамыз, 2017

Мұғалімдердің айлығы біртіндеп көбейеді

894 рет
көрсетілді

Бүгінде қазақстандық мұғалімдердің орташа айлығы 70 мың – 90 мың теңге аралығында. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді.

«Мемлекеттік қолдаудың арқасында мұғалімдердің жалақысы екі-үш жыл сайын көбейіп отыр. Бүгінде қазақстандық ұстаздардың орташа жалақысы ­70-90 мың теңге көлемінде. Оның үстіне қосымша жұмыстарына байланысты 25 пайыз үстемақы қосылады. Сонда орта есеппен бір мұғалім айына 105-110 мың жалақы алады», дейді вице-министр.

Ол сондай-ақ, мұғалімдердің айлығын көбейту мәселесі күн тәртібінен түспейтінін, бюджеттің жағдайына байланысты біртіндеп өсіп отыратынын атап өтті.

Ал оқу бітіріп, жұмысқа жаңадан кірген жас маман алғашқы кездері 70 мың теңге жалақы алады. Бұл ісін енді бастаған мұғалім үшін жеткілікті деп санайды вице-министр.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

«Егемен Қазақстан»