• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2010

ЭТНОСАРАЛЫҚ ЖАНЖАЛҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

1472 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жұртшылықты ұлтаралық негізде жанжал туғызуды көздеген бір қылмыс­тық іс туралы хабардар етті. Атап айтқанда, еліміздегі қалалардың бірінде үйлердің қабырғалары мен қоршауларға қазақ халқының қадір-қасиетін қорлайтын жазулар жазылып, оның авторлары басқа этнос өкілдерінің атынан жазылғандай әрекет танытқан. Осы іс бойынша “Арман” қоғамдық қозғалысының жақтас­тары Борамбаев, Жуасбай және Жалғабаев ұсталған. Бұл ретте ұсталған Жалғабаевтың Маңғыс­тау облысында жасаған алаяқ­тығы үшін мемлекетаралық іздеу­де екендігін айта кетейік. Ұсталғандардың көрсету­лері­нен жаңағы жазулардың түрлі ұлт өкілдерінің арасында ұлттық негізде қақтығыс ұйымдастыру мақсатымен әдейі жазылғаны анықталған. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен еліміздің заңнамасы бойынша әлеуметтік алауыздық, ұлттық, нәсілдік неме­се діни өшпенділік туғызу аса ауыр қылмыстардың бірі болып табылады және ол үшін бас бостандығынан айыру түрін­де қылмыстық жауапкерші­лік көзделеді. Қазіргі кезде жазуларға бір­қатар сараптама жүргізіліп, со­ның негізінде ұсталғандарға қатыс­ты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде. Ішкі істер министрлігі мұн­дай әрекеттерге алдағы кезде де қатаң тыйым салынатынын, ал кінәлілер заңның бүкіл қатал­ды­ғы бойынша жазаланатынын ресми мәлімдейді.