Оларға мүгедек қол арбалары мен есту құрылғыларын алуға мемлекеттік квота есебінен 610 миллион теңге қарастырылған.
«Бүгінгі күні 3,5 мың мүгедек қажетті құралдармен, 4 мың мүгедек көмекші құрылғылармен жабдықталды. Жыл соңына дейін тағы 1,5 мың адам қамтылатын болады. Сондай-ақ жеке гигиенаға арналған заттардың саны ұлғайтылды», дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Мәулетбаева.
Биылдан бастап дімкәс жандарға сурдо-тефлотехникалық құралдардан бөлек ұялы телефондар мен ноутбкутар бөлу қарастырылса, 30 телефон мен 20 компьютер иелерін тапты. Шипажайларда тынығу үшін кембағал адамдарға 600 жолдама беріледі.
Төрт облысты қамтитын Петропавл протез-ортопедия зауыты протез-ортопедиялық құралдар шығарып, оңалту қызметтерінің сапасын арттыруды басты нысана еткен. Қазір жамбас пен тізе протездерінің ыңғайлы түрлерін шығарумен айналысуда.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»