• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Президент 13 Тамыз, 2017

Елбасы «Қазанат» ипподромына барды

324 рет
көрсетілді

Елбасы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирін тамашалады.

Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің мәдени-думанды және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирін тамашалады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ипподром аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаевқа кешен қонақтары назарына ұсынылатын қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлері, қолөнер бұйымдары, спорттық ойындар мен салт-дәстүр үлгілері көрсетілді.

 

 

 

Мемлекет басшысы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралау барысында ауыр атлетикадан Қазақстан спортшысы Илья Ильинмен әңгімелесті.  

Публикация от AkordaPress (@akordapress) Авг 13 2017 в 5:22 PDT