• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
15 Тамыз, 2017

Медициналық сақтандыруға аударым туралы білгіңіз келе ме?

895 рет
көрсетілді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Жан-жақты жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, жұртшылық арасында міндетті сақтандыруға қатысты туындап отырған сауалдар баршылық. Сонымен кім қанша төлейді? Жарнаны қайда және қай уақытқа дейін аударуға болады? Жарнаны төлемесе қандай шара қолданылады?

Биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жар­насын екі санаттағы аза­мат­­тар төлейді. Олар – жұ­мыс берушілер мен жеке кәсіп­ке­р­лер. Жұмыс берушілер қа­ра­ма­ғындағы жұмыскерлер үшін жарна аударады. Ай сайын төленетін жарна мөлшері: 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыскер жалақысының 1%-ын, 2018 жылдан бастап – 1,5%-ын, 2020 жылдан бастап – 2%-ын, 2022 жылдан бастап – 3%-ын құрайды.

Шілденің 1-нен бастап жарна төлейтін қос санаттың бірі – жеке кәсіпкерлер (же­ке- меншік нотариустар мен сот орындаушылары, адвокат­тар, кәсіби медиаторлар) жарнаны жеке кәсіпкер ретінде өзі үшін төлейді. Жеке кәсіп­кер­дің жарнасы 2 төменгі ай­лық жалақының 5 пайызын құрай­ды. Нақтырақ айтқанда, жарна мөлшері 2017 жылы 2 445 теңге 90 тиынды, 2018 жылы 2 828 теңгені құрайды. Жарна есептелетін жалақының ең жоғары мөлшері 15 төменгі айлық жалақыдан немесе 366 мың 885 теңгеден аспауы тиіс. Яғни, ай сайын төленетін міндетті жарнаның ең жоғары мөлшері 3 668 теңге 85 тиыннан аспауы керек. 

Ал, егер жеке кәсіпкердің қарамағында жұмыс істейтін қызметкерлері болса, олар үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударып отыруы тиіс.  Шілде айының жарнасын тамыздың 25-іне дейін тө­леу­ге болады. Жарнаны екін­­ші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» АҚ-тың кез келген бөлімшесі арқылы төлеуге болады. Төлем кодтары көрсетілген арнайы бланктерді аталған қаржы ұйымдарынан алуға болады. 

Жарнаны төлемесе не бо­ла­­ды деген өзекті сауал­дың болуы заңдылық. Жұ­мыс берушілер мен жеке кә­сіп­­керлердің аударымдарын Қар­жы министрлігінің Мем­ле­кеттік кірістер комитеті ба­қы­лап отырады. Жарна мін­дет­ті болғандықтан дер кезінде төленбеген жағдайда комитет тиісті шаралар қолдана алады. Кешіктірілген әр күн үшін (қорға жарна төлейтін күн­ді қоса алғанда) ресми қай­­та қаржыландыру мө­л­шер­­лемесінің 2,5 еселенген мөл­­шері көлемінде өсімақы т­ө­л­енеді. Егер жұмыс беруші не­месе жеке кәсіпкер жарна аударудан бірнеше рет бас тартса, қарыз сомасының 50 пайызына дейін­гі мөлшерде айыппұл салы­нуы мүмкін. Се­бебі, Әкім­ші­лік заң бұзу­шы­лық­тар туралы кодек­с бойынша заң бір рет бұзылған­да ескерту жасалады. Заң бұзушылық бір жыл ішінде тағы қайталанған жағд­айда, берешек соманың 20 пайыздан 50 пайызына дейін айыппұл қарастырылған. Айыппұл мөлшері субъектінің көлеміне (шағын немесе ірі кәсіпкер) байланысты.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру жүйесіне мемлекет пен өзін өзі жұмыспен қам­тығандар қосылады. Мем­лекет жеңілдігі бар 14 санат­та­ғы 10 миллион азамат үшін жар­на төлейді. Атап айтқанда, жұ­мыс­сыз ретінде ресми тір­келгендер, зейнеткерлер, көпбалалы аналар, мүгедектер, Ұлы Отан соғысының арда­гер­лері, студенттер, 18 жасқа тол­маған балалар, жүкті әйел­дер мен 3 жасқа толмаған бала күтімімен үйде отырған тұлғалар және тағы басқалар үшін ел бюджетінен ай сайын 5 029 теңге төленеді. Келер жылы жарна төлейтін топтың бірі – өзін өзі жұмыспен қам­ты­ғандар – міндетті сақ­тандыру жүйе­сіне ай сайын төменгі ай­лық жалақының 5 пайызын немесе 1 414 теңге төлеуі тиіс. Жұ­мыскерлер жарнаны 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударады. Жарна мөлшері 2019 жылы – жалақының 1 пайызын, 2020 жылы 2 пайызын құрамақ. Жалпы, міндетті сақтандыру шеңберінде медициналық көмек 2018 жылдан бастап көрсетіле бастайды.

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»