• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Президент 16 Тамыз, 2017

ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстанның Өкілетті өкілі тағайындалды

327 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жәнібек Абдуләкімұлы Иманәлиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұған дейін ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі болған Владимир Иванович Алесин зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Президент Өкімімен қызметінен босатылды.