• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 04 Қыркүйек, 2017

Израиль елшілігінің игілігі

346 рет
көрсетілді

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан келген балалар делегациясы ЭКСПО-2017 көрмесін аралады. Орталық тәр­­биеленушілерінің сапары Израиль пави­ль­онынан басталды, онда саяхатшыларға ин­те­рактивті аймақ айрықша ұнады. 

«Біздің балаларға елшілік ұйымдастырған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне сапар өте ұнады. Жеткіншектеріміз қалашықтан өте жақсы әсер алды. Осындай акциялар тәр­биеленушілердің білімге деген құш­тарлығын арт­тырып, танымдарын кеңейтеді. Сондықтан, де­меушілеріміздің көп болғанын қалаймыз», дей­ді «Нұрлы жүрек» орталығы директорының әлеу­меттік жұмыстар жөніндегі орынбасары Құралай Қожамқұлова.