• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2024

«Өкпесін зақымдаған»: Алматы облысында 13 жастағы балаға оқ тиген

503 рет
көрсетілді

Алматы облысында 13 жастағы бала оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Дәрігерлер жараланған баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, 16 сәуірде облыстық балалар клиникалық ауруханасына оқ жарақатын алған науқас жеткізілген. Айта кетсек, бала 2011 жылы туған.

«Тексеру кезінде оң жағындағы кеуде қуысында оқ анықталды. Атыс болған кезде бала үй жанындағы көл жағасында ойнап жүрген», делінген ведомство хабарламасында.

Науқас қабылдау бөлімінен шұғыл түрде операциялық бөлімге ауыстырылған.

«Ота жасалды, торакоскопия, ревизия, кеуде қуысын санитарлық тазарту, бөтен денені (оқ) алып тастау, дренаж сияқты амалдар жасадық. Оқ оң жақтағы кеуде қуысы арқылы өтіп, өкпенің тіндерін зақымдап, иық пышағының төменгі полюсінің проекциясында қабырға аралыққа жабысып қалған. Нақты және жедел әрекет еткен дәрігерлердің арқасында кішкентай баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.