• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қыркүйек, 2017

«Егемен Қазақстан» басшысы ИРНА басшысымен кездесті

420 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Төрағасы Дархан Қыдырәлі мен Иран Ислам Республикасы Ақпарат Агенттігі (ИРНА) басқарушы директоры Мухаммад Ходади кездесті. 

Екі жақты кездесуде кәсіби ынтымақтастықты нығайту, достық қарым-қатынастар мен медиа саласындағы жемісті ынтымақтастық орнату мәселелері сөз болды. ИРНА басшысы Мухаммад Ходадидің айтуынша, Иран мен Қазақстан мәдени, діни, тарихи тұрғыдан бір-біріне ұқсас мемлекет.

Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі меймандарға ізгі лебізін білдірді. Сонымен қатар, еліміздің бас басылымы жөнінде әңгімелеп, редакциямен таныстырды. Д.Қыдырәлі  «Егемен Қазақстан» тарапының да әріптестік байланыс орнатуға әзір екенін жеткізді. 

ИРНА – Ирандағы белді медиа өкілі болып табылады. Агенттіктің бірнеше мерзімді басылымы және интернет порталы бар. ИРНА-ның Иранда 60 және әлем елдерінде 30 кеңсесі бар.

Соңғы жаңалықтар