• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Саясат 15 Қыркүйек, 2017

Жоғарғы сотта Ахуалдық орталық ашылды

608 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үшінші жаңғыру жөнінде басты бағыт бере келіп, бұл жаңғырудың негізі цифрландыру болып табылатынын атап өткен болатын. Міне, енді осы цифрлы технология барысы елімізді әлемдегі озық отыз мемлекеттің қатарына қосатын негізгі жолға айналды. Соған сәйкес цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңестің шеңберінде ел Президентіне Жоғарғы соттың Ахуалдық орталығы таныстырылды.

 

Аталған шараға Жоғарғы сот төрағасы Қ.Мәми мен Жо­­ғарғы сот жанын­да­ғы Сот­­тар­дың қыз­ме­тін қам­та­ма­сыз ету депар­та­менті­нің басшы­сы Н.Шәріпов қатысты. Та­ныс­тыру рәсімінің соңында Мем­­лекет басшысы Ахуалдық ор­­та­лықтың жұмысын іске қо­су жөнінде қашықтан пәрмен берді.

Бұл Ахуалдық орталық Жо­ғарғы соттың ғимаратында ор­наласқан және ол тікелей ре­жим­де соттар жұмысын бірың­ғай мониторингілеу жүйесі болып табылады. Біз Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен алған мәліметімізге сай, мұнда тәу­лік бойы еліміздің 370 соты­нан келіп түсетін 700 көр­сеткіш бойынша өзекті сот ақпаратын жинаумен және талдаумен айналысуға мүмкіндік бар екендігіне көз жеткіздік. Мәселен, про­цес­тік мерзімді бақылау, аудио­бей­нетіркеуді қолдану, сот про­цесі­нің уақтылы басталуы се­кіл­ді маңызды міндеттер ат­қа­­рылады. Сот статистикасын жүр­гізуге ерекше көңіл бө­лін­бек.

Бұған қоса, Ахуалдық ор­та­лық республиканың 1418 сот залында процестердің өту барысын қадағалайды. Бұл соттағы дөрекі іс-қимыл­дар­ды, соның ішінде сот про­це­сіне қатысушыларға төн­ген қауіпті тез арада анық­тау­ға мүмкіндік береді. Жал­пы ахуалдық орталық сот жұмы­сы­ның кестесінде болатын ақау­ларды жедел анықтау мен түзетуге бағытталған. Бұл – сот төрелігін жүзеге асы­ру­дағы азаматтардың кон­ституциялық құқықтарын қор­ғауды қамтамасыз етудегі жаңа практикалық цифрлық шешім.

Кеңес барысында Мемлекет бас­шысына соттардағы жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша бірқатар соңғы жетістіктер де көрсетілді. Б­үгінде «Сот кабинеті» сер­ви­сі­не 180 мыңнан астам қол­да­нушы тіркелген, жыл сайын соттардың сайттарында бір миллионнан астам іс ор­на­лас­­тырылады. Жоғарғы сот сай­тының жеке дара көру­ші­лерінің саны айына 150 мыңға жуық.

Ел Президенті мобилді сот кабинетінің мүмкіндіктері ту­ралы да хабардар болды. Атал­ған сервис тараптарға сот­қа келмей-ақ қашықтықтан қа­тысуға мүмкіндік береді. Бұған интернетке шығатын заманауи мобилді құрылғы көмегімен үйден, кеңседен, бас­қа қаладан, соның ішінде шет­елден де қосылуға болады. Жоғарғы сот республ­и­када толыққанды «электронды сот төрелігі» жүйесін да­мы­ту бойынша белсенді жұ­мыс жүргізуде. Ол сот төре­лі­гін жүзеге асыру кезінде ха­лық­тың соттармен өзара қа­рым-қатынасы мәселелерін қам­ти­ды. Бұл жұмыс өзінің нақты нә­ти­желерін беруде. Бүгінгі күні сот­тарға электронды түрде бе­рілген өтініштердің үлесі 91 пай­ызды құрайды. Осылайша жа­ңа ақпараттық технология- ларды енгізу бойынша жұмыс жалғасуда және ол Жоғарғы сот басшылығының тұрақты бақылауында.

Александр ТАСБОЛАТ, «Егемен Қазақстан»