• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 18 Қыркүйек, 2017

Мәжіліс бюросы өтті

250 рет
көрсетілді

Палата Спикері Нұрлан Нығма­тулиннің төрағалығымен Мәжі­лістің бюро отырысы өтіп, Пала­таның жалпы отырысында талқы­ланатын мәселелер қатары айқындалды. 

 

Күн тәртібінің жобасына депу­тат­тардың назарына ратификацияланатын заң жобаларын қарау ұсынылды. 

Олар Қазақстан мен Өзбекстан ара­сындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы Үкімет­аралық келі­сімге түзетулер енгізу. Жаңа енгізілім екі ел арасындағы жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру үшін құқықтық негізді құруға бағытталады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық дамуды қарқындатып, іскерлік байланысты тереңдете түспек. 

Осы қатарда Қазақстан мен Норвегия арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы Үкіметаралық келісім де бар.  Күн тәртібінде Палатаға бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгілеу бойынша заң жобалары ұсынылды.

Олардың қатарына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы, сонымен қатар, Қазақстанның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пәтер туралы келісімдерге түзету енгізу бар. 

Бұдан басқа, бюро отырысында 2017 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі отырысын өткізу туралы мәселелер де қаралды. 

«Егемен-ақпарат»