• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қыркүйек, 2017

Жаңақалаға таза су келеді

708 рет
көрсетілді

Биыл Батыс Қазақстан облысында 55 ауылға таза ауыз су тартылып жатыр. Бұл бір жылда 1100 шақырым су құбыры тартылып отыр деген сөз. 

Осы жұмыстардың нәтижесінде өңірдің 65 мыңнан аса тұрғыны сапалы суға қол жеткізеді. Бұған дейін облыс тұрғындарының таза сумен қамтылу көрсеткіші 36% болса, жыл соңына дейін ол 42%-ға жетеді. 

Таза судың зардабын ең көп тартып отырған аймақтың бірі Жаңақала ауданы тұрғындары еді. Тіпті аудан орталығының өзін­де таза су тапшы болып, халық құ­быр­дан аққан сары суға талай на­ра­зылық айтқан-ды. Құдайға шүкір, жа­ңа­қала­лық­тардың бұл мәселесі көп кешікпей ше­шілетін болды. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көл­гінов Жаңақала ауданына жұмыс сапары кезінде хабарлады.

Елбасының аудандар мен елді мекенд­ер­ді да­мыту және халықтың тұр­мыс жағд­ай­ын жақ­сарт­у туралы тап­сырмасына сəй­кес, Жаңақала өңі­рін­де атқарылып жатқан жұмыс­тардың барысы­мен та­нысқан облыс әкімі ең алдымен ауданда ауыз су мә­селесін шешу мақсатында жүзеге асып жат­­қан жұмыстарды көрді. Бұл мақсатқа рес­­­пуб­ли­калық бюджеттен 2 млрд тең­ге­ден астам қар­жы қарастырылған. Оның 400 млн теңгесі биыл бөлініп, жұмыс бас­талды. 

Екі жылға есептелген жоба негі­зін­де ұзын­дығы 146 шақырым құбыр тар­тылады. 

– Бұл – үлкен жоба. Суды Жаңақала мен Бөкей Ордасы аудандарының шека­ра­сындағы Құлшық деген жерден тартамыз. Қар­жыландыру республика бюджетінен қарастырылған. Жұмыс енді басталды. Өйткені мердігер компаниялар шалғай ауылдарға шыққысы келмейді, конкурсқа қатыспайды. Біз өз кезегімізде жұмысқа кі­ріскен компанияға қолдау көрсететін бо­ла­мыз, бірақ сапа мен уақытқа қойылатын та­­лап та қатаң. Бұдан бөлек Пятимар, Бір­­лік, Мəштексай ауылдарына су құбы­рын жет­кізу жұмыстары жүруде. 8 елді ме­кен­ге ауыз су жеткіземіз. Жалпы, Жаңа­қа­ла ауданын дамыту үшін 5 млрд 600 млн теңге қаралған. Бұл – рекордтық көр­сет­кіш, – дейді Алтай Көлгінов.

Өңір басшысының айтуынша, Орал қаласын Бө­кей Ордасы мен Жәнібек аудандарына жал­ғай­тын жолдарды салу үшін де мемлекет қаржы бө­ліп отыр. Бірақ облыс орталығынан 500-600 ша­қырым қашықта жатқан бұл өңірлерге жол салу үшін бел­се­ніп шығар мердігер табылмай тұр. «Мүмкін жол құрылысымен айна­лы­са­тын компаниялар үшін конкурс талап­та­рын өзгерту керек шығар. Өйт­кені қала мен ауылдың жағдайын салыстыру қате. Бірақ екеуіне де талап бірдей қойыл­ған. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін жұ­мыстанамыз» дейді облыс әкімі журналистерге берген сұхбатында.  Дәл қазіргі таңда Жаңақала ауданында 4 елді ме­кенге газ құбыры тартылып, аудан орта­лы­ғын­дағы 7 көшеге асфальт тө­селіп жатыр. Бұл жұмыс аяқталған кезде аудан тұрғындарының көгілдір отынмен қам­тылу деңгейі 86%-дан 97%-ға жетіп, ауыз сумен қамтылу 70 %-ды құрайтын болады.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы