• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис 18 Қыркүйек, 2017

 Астанада теннистен Дэвис кубогының плей-офф матчы өтті

201 рет
көрсетілді

Кеше Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында теннистен Дэвис кубогының плей-офф матчы өтті. Қазақстан ұлттық құрамасы турнирдің әлемдік тобына шығу үшін аталған доданың былтырғы чемпионы Аргентина командасымен ойнап, жеңіске жетті. 

Сайыстың шымылдығын 15 қыркүйекте Михаил Кукушкин мен Гвидо Пелью ашты. Қос теннисші арасындағы кездесу төрт сағатқа созылып, төрт сетке дейін ойналды. Алғашқы сетте есе жіберген жерлесіміз 6:7 (5:7), қалған үш сетте қарсыласынан басым түсті. Нәтижесі мынадай – 7:6 (7:5), 6:2, 6:4. Бұл же­ңі­сімен Кукушкин (суретте) құ­рамаға алғашқы ұпайды салды. Матч аяқтала сала кортқа қа­зақстандық теннисші Дмитрий Попко мен аргентиналық Диего Шварцман шықты. Өкінішке қарай, аталған кездесуде Попко қар­сыласына 6:4, 6:2, 6:2 есе­бі­мен есе жіберіп қойды. Сөй­тіп, Қа­зақстан-Аргентина құра­ма­лары арасындағы есеп теңесті. 

Жарыстың екінші күнінде теннисшілер жұптық кездесу өткізді. Бұл сында Александр Недовесов пен Тимур Хаби­бу­лин жұбы аргентиналық теннисшілер Максимо Гонсалес пен Андрес Мольтени дуэтіне қарсы ойнады. Алғашқы сетте қарсыластарына жол беріп қойған отандастарымыз қалған үш сетте қайсарлық танытып,  аргентиналықтарды 5:7, 6:4, 7:5, 6:4 есебімен жеңді. Тур­нирдің соңғы күнінде Ми­хаил Кукушкин Диего Себас­тьян Шварцманмен сынға түсіп, үш сетте 6:4, 6:4, 7:6 (7:2) арген­ти­на­лық теннисшіні қапы қал­дыр­ды. Кукушкиннің бұл жеңісі теннистен Қазақстан ұлт­тық құрамасын Дэвис кубогының әлемдік тобына шығарды. 

Еске сала кетсек, бір ға­сыр­­лық тарихы бар турнирге Қа­­зақ­стан құрамасы 1995 жылдан бастап қатысып келеді. Отандастарымыз әлемдік топқа алғаш рет 2010 жылы Швей­ца­рияны жеңгеннен кейін шықты. Содан бері Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының әлемдік тобына тұрақты қатысушы атанды. 2011, 2013-15 жылдары ширек финалға дейін жетті. Бұл – құрамамыздың бүгінгі күнге дейінгі ең үлкен жетістігі.

Әли БИТӨРЕ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар