• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қыркүйек, 2017

19-21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

214 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 19-21 қыркүйегіне ауа райы болжамын жариялады.

Батыс Сібір арқылы циклондар бірінің артынан бірі көшіп, осы циклонға байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік аумағына жаңбыр алып келеді. Демалыс күндері ауа температурасы  әдеттегіден 5-9 градус жоғары болды, енді суық фронттардың әсерінен ауа температурасы төмендеп, климаттық нормаға жақын болады.  Республикамыздың оңтүстік және батыс облыстарындағы ауа райына алдағы 3 күнде бұрынғыдай антициклон әсер ететін болады. Сондықтан да бұл жерде ауа температурасы  жылы, жауын-шашынсыз болмақ, климаттық нормадан 3-8°С жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар