Қазақстандық теннисші Зарина Диас жаңарған WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 37 орын жоғарылап, 63-орынға табан тіреді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Зарина Japan Women's Open Tennis финалында жапон теннисшісі Миа Катоны бірінші сетте 6:2 есебімен жеңсе, екінші сетте 7:5 есебімен басым шықты.
Бұл отандасымыздың спорттық мансабындағы ең ірі жеңістерінің бірі. Қазақстандық теннисші жарыс жеңімпазы атанып қана қоймай, 280 рейтингтік ұпайға ие болды. Сондай-ақ 43 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алатын болады.
"Бұл жеңісімді барша қазақстандықтарға арнаймын! Қолдау көрсетіп, сенім артқандарыңызға мыңда бір рахмет! Алға Қазақстан!" - деп жазды теннисші Іnstagram желісіндегі парақшасында.