Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілері форумының төрағасы Кейзо Такемимен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыру бойынша бастамаларды іске асыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.