• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қыркүйек, 2017

Әлемдік қоғамдастық мойындаған Қазақ елі

985 рет
көрсетілді

Жаһандық мәселелерге қатысты Қазақстан саясаты төрткүл дүниенің жоғары бағасын иеленіп келеді. Күні кеше АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қазақ­стан мен Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен ризашылығын біл­діргеніне куә болдық. 

Рекс Тил­лер­сон­ның сөзі кездейсоқ емес һәм Қазақ­стан­ның жаппай қырып-жою қаруынан бас тартуы жөнінде кел­тірген оның дерек­терінің іргетасы берік. Кейінгі жыл­дары ядролық қауіпсіздік мәселесі халықаралық қо­ғам­дастықты алаңдата бастады. Маман­дардың пікірінше, әлем үшінші дүниежүзілік соғыстың, ядролық ай­қастың алдында тұр.  Кейінгі жарты жылда байқа­ған­ы­мыз­дай, АҚШ пен КХДР арасындағы сөз қақ­тығысы кең таралып, бітімге келмей­тін­дей деңгейге жетті. Екі тарап та кері ше­гінейін деп отырғаны жоқ. Осындай жағдайда бейбіт келіс­сөздер зор маңыз­ға ие болады. Сон­дықтан осы мәсе­лені талқылау жө­нінде сыртқы істер министрлері ара­сында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сінің ша­қы­рылымы болды. 

АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөзінен екі жағдай анық байқалады. Әуелі халықаралық қоғамдастық Н.Назарбаев бастаған Қазақстанның әре­кеттерін шынында жоғары баға­лайды. Ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, бейтарап және бейбіт сая­сат ұстанудың маңызы зор. Екін­шіден, АҚШ бастаған әлем елдері Қазақстанның антиядролық қозға­лысты дамыту және кеңейту жө­нін­дегі тәжірибесін халықаралық дең­­гейде қабылдауға әзір екенін көрсе­теді. 

Яғни, Н.Назарбаевтың ан­ти­ядролық қозғалысқа қатысты бүкіл бастамалары алпауыт елдер тара­пынан оң бағаланды. Ел­басы тоқ­са­ныншы жылдардың орта­сында көтерген мәселе жоғары деңгей­дегі тү­сі­ністік пен қолдауға ие болды. Пре­зи­дентіміз бүкіл әлемде ядролық қа­русыз аймақ құру бағытын ұсынады.

 Қазақстанның өз еркімен қуатты яд­ролық қару арсеналынан бас тарт­қаны белгілі. Әлемде алғаш болып Семейдегі яд­ролық сынақ полигонын жапты. Ал 2006 жылғы тамызда Семейде қол қо­йылған Орталық Азияда ядролық қа­русыз аймақ құру жөніндегі келісім Қа­зақстан басшысының жаппай қы­рып-жою қаруынан бас тартудағы тең­дессіз ерлігін көрсетеді. Сол кезде Ор­талық Азия тағы бір мәрте әлем ел­дерінің назарын ядролық қаруды таратпау мәселесіне аударған болатын. 

Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақтар құрған Н.Назарбаевтың антиядролық қозғалысы халықаралық деңгейге шықты. Осылайша, Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, бей­біт әлем құрудағы саяси ерік-жігер­дің нағыз үлгісін көрсетті.  Сондықтан Р.Тилерсонның Н.Назарбаев­­­тың еңбегін жоғары баға­­лауы кез­­дейсоқ емес. Елбасымыз әлем елдері арасында сарабдал саясаткерге айна­лып, дипломатиялық жә­не достық әре­­­кеттер арқылы қалып­тасатын бейбіт әлем құруда маңызды рөл атқара бас­та­ды.  Осы орайда, Н.Назарбаевтың бей­­біт­­шілік жөніндегі Нобель сыйлы­ғына бір­неше рет, тіпті америкалық кон­гресмен­дер тарапынан ұсынылғанын айта кету керек. 

Руслан ІЗІМОВ, саясаттанушы