• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2011

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар

546 рет
көрсетілді

Олардың негізгі құқықтарын қамтамасыз ету – өзекті мәселенің бірі Кеше Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Боб­ровтың жетекшілік етуімен Үкімет сағаты өтті. Онда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әб­ді­қа­лықова «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау және оңалту жүйесін дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутат­тардың сұрақтарына жауап берді. Владимир Бобров әлеуметтік қолдауды дамыту және мүм­кін­діктері шектеулі адамдарға жағ­дай жасау біздің мемлекетіміздің белсенді жүргізіп келе жатқан ба­сым­дық берілген саясаты екенін айтып өтті. Мұның негізінде мүгедек­тер­дің өмір сүру деңгейін жақсарту мақсаты жатыр. Бүгін талқыланып отырған мүм­кіндіктері шектеулі адам­дар­дың негізгі құқықтарын қамтама­сыз ету өзекті мәселенің бірі еке­ні рас. Және бұл мына жәйт­терге байланысты. Қазіргі уақы­т­та елімізде 563 мыңнан астам мү­гедек жан тұрады, олар халықтың жал­пы санының 3%-дан астамын құ­рай­ды. Бүгінде мүгедектік және мү­гедектерді әлеуметтік қолдау ұғымы өзгеріп, жаңа сипатта іске асырылуда. Айталық, бұған дейін Үкіметтің алдында әлеуметтік тө­лемдерді уақтылы төлеу мәсе­лесі ғана тұрса, қазіргі таңда бұл міндет кеңейіп, мүгедектерді оңал­ту, оларды қоғамға кіріктіру мәсе­ле­лерін қамтиды, деді Г.Әбдіқа­лық­о­ва. Бұған қоса биыл арнаулы әлеу­меттік қызмет көр­сету жүйесінде 2009 жылы бас­талған реформа­лар­дың бірінші кезеңі аяқталып келеді. Мүмкін­діктері шектеулі адам­дардың құ­қықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақ­сарту үшін Қазақстанда бірқатар маңызды заңдардың қабылданға­нын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, Қазақстан Мү­гедектердің құқықтары туралы конвенция мен оның Факультативтік хаттамасына қол қою ар­қылы мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты халықаралық стандарттарды имплементациялау, яғни жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді қабылдады. Би­ыл министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен, халықаралық жә­не үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, ұзақ мерзімді бо­лашаққа арналған ұлттық іс-қи­мыл жоспарының жобасын дай­ын­дады. Бұл іс-шаралардың ау­қым­ды бөлігін мүгедектікке ұшы­рау қатерінің алдын алу құрайды. Министр өзінің сөзінде атал­ған топтағы адамдарға қатысты атқарылған, атқарылуы тиіс жұ­мыс­тар мен міндеттер туралы ке­ңі­нен әңгімеледі. Проблемалар мен оларды шешудің жолдары хақын­да да жан-жақты сөз қозғады. Үкімет сағатын Владимир Бобров қорытындылады. Ол бүгінгі талқыланған мәселе қоғам үшін маңызы зор екенін айтты. Депутаттар көтерген мәселелер мен алға тартқан ұсыныстар министр­ліктің қызметінде назарға алына­тынына сенім білдірді.