Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде қалада 47 жаңа мейрамхана, 50 хостел және 36 қонақ үй ашылған.
Астанаға жалпы 5,4 млн адам келсе, оның ішінде 500 мыңы шетелдік мейман. Ал туристік әлеуеті бойынша ШЫҰ және ТМД елдері арасында Астана қаласы ТОП-5 тізіме кірген. Халықаралық әуе тасымалы 30 пайызға, ішкі әуе тасымалы 88 пайызға өсті. Сонымен бірге 300 млн теңгеге кәдесыйлар сатылған.