Астанада Қазақстан мен Беларусь және Ресейдің төтенше жағдайлар жөніндегі салалық ведомстволары басшыларының кезекті кездесуі өтті.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть
Осымен бесінші рет ұйымдастырылған үшжақты деңгейдегі бірлескен отырысқа Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Владимир Ващенко және Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері министрі Владимир Пучков қатысты.
Халықаралық шеңберде өткен бірлескен алқаның күн тәртібінде IV отырыс шешімдерінің орындалуы мен алдағы VI отырысты өткізу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар төтенше жағдайлар мониторингі мен оларды болжау саласындағы мамандарды дайындау, трансшекаралық сипаттағы оқыс оқиғаларға ден қою бойынша шекаралық ынтымақтастық, су объектілеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, селдердің алдын алу және ғарыш мониторингі деректерін пайдалану мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, болуы ықтимал жер сілкіністеріне назар аудару, жаңа салынып жатқан биік ғимараттардағы өрттерді сөндіруге күштер мен құралдарды дайындау сынды проблемалар жан-жақты сөз болды.
Бірлескен қызметтің стратегиялық бағыттары мен ауқымын анықтау, үш елдің мүдделі органдары арасында төтенше жағдайлар бөлімшелерінің, оның ішінде бірлескен алқаға қатысушы елдердің шекаралас аумақтарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған өзара іс-қимыл тәртібін реттеу мәселесі де тақырыптан тыс қалмады. Сол сияқты мамандарды кәсіби тұрғыда оқыту мен олардың біліктіліктерін арттыру саласындағы өзара іс-қимылды ұтымды ұйымдастыру тетіктері қаралды.
Айта кетейік, мұндай жиын халықты қысылтаяң шақтарда сабырлы болып әрі жүйелі іс-қимылдарға жұмылдыру бағыты бойынша бағдарламалар мен оқу әдістерін әзірлеуде, материалдық-техникалық базаны жетілдіруде және ең бастысы, қалың бұқараның тыныс-тіршілігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Сол себептен де осындай бағыттар бойынша жұмыс жүргізу бірлескен алқаның негізгі міндеттері болып табылады.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»