• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2011

Көпірде көлік қозғалысы ашылды

341 рет
көрсетілді

Қостанай айналма жолында салынып жатқан  жаңа көпірдегі жол қозғалысы салтанатты түрде ашылды. Қаланы айналып аға­тын Тобыл өзені үстіндегі көпір құ­ры­лысы өткен жылы бастал­ған бо­ла­тын. Бұл Елбасының тап­сыр­ма­сымен еліміздегі 6 ха­лық­аралық көлік дәлізін қайта жаңғырту жо­басының шеңберін­де атқарылған жұмыстың бірі. Экономиканың  күретамыры бо­лып саналатын  халықаралық көлік дәлізіне Астана – Қоста­най – Челябі бағытын­дағы тасжолдар да кіреді. Осы жол Қос­та­най қаласының  оңтүс­тік-ба­тыс шетін айналып өтіп, жо­лау­шыны Челябі, Көкшетау, Астана, Ақтөбе және Петропавл қала­лары­на жеткізеді. Көп жылдан бері күрделі жөнделмегендіктен То­был­дың жіңішке иініне төсел­ген құбыр арқылы өтетін жолды көк­темде қар суы  шайып кететін. Со­ның салдарынан жүк жә­не жолау­шы  тасымалдайтын  кө­лік­тер­дің  қауіпсіздігі де  қамта­ма­сыз етілмей жүрді. Тобыл суын өткізіп тұ­ратын құбырдың да то­зы­ғы жетті.  Су шайған сайын жол­дың үстіңгі қабаты бұзылып, жыл сайын  жөн­деу жұмыстары жүрді. Ал құ­ры­лыс кезінде қала ішімен жүрген жүк көліктері   жол­ды бүлдірумен қатар, жүр­гін­шілерге де  ыңғай­сыз­дық туғызатын. Өткен жылы басталған көпір құрылысы қарқынды жүрді. Оның ұзындығы  – 313, ені 25 метр. Үс­тінен көлік екі бағытта жүреді, жаяу жүргіншілерге де жол қал­ды­рылған. Мұнда үсті­міз­дегі жы­лы ғана 3,5 миллиард теңгенің жұмы­сы игеріліп, жыл­дық жос­пар­дың 82 пайызы орын­­­далған. Қалған жұ­мыс­тар келесі жылға қалдырылды. – Аз уақыттың ішінде бұл Қос­танай өңірінде салынған үшін­ші  көпір. Әулиекөл ауда­нын­дағы жа­ңа көпір аудана­ра­лық көлік қоз­ғалысын жақсарт­ты, қаланың  екін­­ші шетінде ор­наласқан То­был­­дың төменгі ағы­сындағы көпір ал­дыңғы жылы пайдалануға берілді. Міне, айналма жолдағы көлік қоз­ға­лы­сына бүгін мүм­кін­дік беріп тұр­ған бұл нысан еліміз тәуелсіз­дігінің 20 жылдығы ал­дын­дағы  үл­кен сый болмақ, – деді облыс әкімі Сергей Кулагин. Жаңа құ­ры­лыс қуаты жағынан Қазақ­стан­да салынған заманауи сегіз көпірдің бірі болады. Ал осы  шараға қатысқан Кө­лік және коммуникация ми­нистрі­нің орынбасары Асылбек Дүйсе­баев бұл көпір халық­аралық  кө­лік дәліздерінің жақ­саруына қо­сылған  үлкен үлес еке­нін айтты. Астана – Қостанай – Челябі бағы­тындағы  жол 2013 жылы түгелі­мен жаңа реңге кіреді. Осы жоба­ны  жүзеге асырып жатқан  «Казахдорстрой» жауапкершілігі шек­теулі  серіктестігі Щучье фи­лиалының директоры Серік Тө­леубаев көпір құрылы­сының са­па­лы аяқталарына сендірді. Жаңа көпір жол қатынасы­ның жақсаруымен қатар өзен суы­ның тазалығына да септігін тигізетін болады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.