• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2011

Көк байрағым, желбіре!

569 рет
көрсетілді

ДЕГЕН АТПЕН КИЕВТЕ ҚАЗАҚ КОМПОЗИТОРЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Киев қаласында Қазақстанның бүгінгі күнгі музыкасынан тұратын «Көк байрағым, желбіре!» атты концерт өтті. Украинаның халық әртісі, Т.Шевченко атындағы Украина ұлттық сыйлығының лауреаты, дирижер Валерий Матюхиннің басқаруымен «Киев камератасы» оркестрі қазақ музыкасын дүрілдете, зор шабытпен орындады. Украина ұлттық музыка қоғамының залына жиналған жұрт­шы­лық ризашылығында шек болмады. Концертте қазақ компози­тор­лары Б.Қыдырбек, А.Тоқсанбаев, Б.Дәлденбай, Б.Аманжол, Ә.Мәмбетов-Жұбанов, А.Райымқұлова, Х.Сетеков, В.Стригоц­кий-Пак шығармалары орындалды. Бұл концерт қазақ музыка өнерінің бүгінде әлемдік деңгейде екенін ғана емес, оның ең жоғары биігінде тұрғанын паш етті. «Егемен-ақпарат».