• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2017

«Балбөбектің» жеңімпаздары анықталды

349 рет
көрсетілді

Сексен алты жылдық тарихы бар облыстық «Ор­талық Қазақстан» газетінде әр жыл сайын басылымның туған күніне орай «Бал­бөбек» арнайы бетінің кіш­кентай оқырмандарын, жас тілшілерін марапаттайтын дәстүр сақталған. Яғни, аталмыш бетке өзінің қала­мынан шыққан туындыларын жариялаған жас оқырмандар газеттің туған күнінде редакцияға арнайы шақырылып, естелік сыйлықтармен марапатталады.   

 

«Балбөбектің» де өзін­дік тарихы бар. Қарымды қаламгер, дарынды журналист, кезінде «Орталық Қазақстан» газетінің редакторы қызметін атқарған Рымқұл Сүйлеменов тұ­сауын кескен осы арнайы бет әлі күнге жалғасын тауып келеді. 

Биыл да ұжымның ұйымдастыруымен бір топ жас тілшілер газеттің туған күні қарсаңында ра­дак­цияға арнайы ша­қы­­рылды. Атап айтар болсақ, Қарқаралы ауда­­ны, №3 Ынталы мек­тебінің оқушысы Шалқар Cү­лейменов, Балқаш қа­ла­сы, С.Сейфуллин атын­­­дағы №7 мек­теп-гим­на­зиясының «Кәу­сар» орталығының жас тілшісі Әнуар Искаков, Қара­ғанды қаласындағы №53 мектеп-лицейінің оқу­шы­сы Фариза Құрман­ғалиева, Ақтоғай ауданы, К.Байсейітова атындағы мектеп оқушысы Әминә Зекен, Шет ауданы, Ю.Га­гарин атындағы мектеп оқушысы Айсаным Қай­ратова, Жаңаарқа ауданы, Б.Амалбеков атындағы мектеп оқушысы Мәди Пазыл, Бұқар жырау ауданы, Көкпекті орта мек­тебінің оқушысы Диль­наз Жаңбырбаева, Оса­каров ауданы, №1 қазақ орта мектебінің оқушысы Ақбота Әбдуова, Қара­ғанды қаласы, №77 мектеп оқушысы Еркежан Са­ғынтай арнайы дипломмен марапатталып, «Балбөбектің» естелік сый­­лығына ие болды. Со­нымен қатар газет жан­а­шыры және ұрпақ тәр­биешісі болғаны үшін бүл­діршіндердің ұс­таздары да алғыс хаттармен марапатталды. 

Басылым басшысы Мағауия Сембай жас тіл­шілерге ұлтының жоғын жоқтар, абыройын асқақ­татар азаматтары болуына тілегін білдірді. 

 

 

 Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

 Қарағанды облысы