• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 10 Ақпан, 2026

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

10 рет
көрсетілді

Олимпиада сайысында бір рет бақ сынаудың өзі үлкен жетістік. Ал жапониялық трамплинші Нориаки Касаи 1992–2018 жылдар аралығында Қысқы Олимпиадаға 8 рет қатысқан.

Қатысып қана қойған жоқ. Ол 1994 жылы Лиллехаммерде командалық жа­рыста күміс медаль алды. Қайтпай­тын Касаи 2014 жылы Сочиде де күміске қол жеткізіп, жанкүйерін қайран қалдыр­ды. Өйткені ол кезде оның жасы 41-де еді. Олимпиадада мұндай жасқа келіп медаль алу өте сирек кездеседі. Себебі трамплин­де жылдамдық, секіру дәлдігі, ауадағы тепе-теңдік – бәрі мінсіз болуы керек. ­­Бі­рақ Касаи уақытқа дес бермей, жасы ұлғай­са да бабына келіп отырған.

 

Соңғы жаңалықтар