• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қазан, 2017

Елордада жергілікті полиция тұрғын-үй кешендерін аралау шараларына кірісті

250 рет
көрсетілді

Жалға берілген пәтерлерді, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамның қауіпсіздігін сақтау мақсатында Астана қаласының ІІД Жерігілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары тұрғын үй кешендеріне апта сайынғы пысықтау тексерістерін өткізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тексеріс жұмыстарының бір күнінде «Жайна» тұрғын-үй кешенінде 15-ке тарта әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

«Есіл» ауданы бойынша 20-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, «Сарыарқа» ауданында мұндай құқықбұзушылықтардың 13 фактісі тіркелген.

Осылайша, бір күндік тексеріс жұмыстарының нәтижесінде 40-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Азаматтардың барлығы ҚР ӘҚБтК 492 бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша жауапкершілікке тартылды.