Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Ханзада Сұлтан бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
«Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Ханзада Сұлтан бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың өмірден озғаны туралы суық хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Қабырғаңыз қайысқан осы қаралы сәтте барша Қазақстан халқының атынан және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», делінген жеделхатта.