• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2011

Өнім алмасу мүмкіндігі

271 рет
көрсетілді

Таяуда облыс орталығында елі­міздің және ресейлік компания­лар­дың қа­тысуымен «Қазақстан-Сі­бір- 2011» халықаралық көрмесі өт­ті. Көр­­менің өтуіне облыс әкім­ді­гі, индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қолдау көрсетті. Көрмеге Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, еліміздегі Ресей елшілігінің кеңесшісі Сергей Анненков қатысты. Көрмеде екі ел кәсіпорындары шығарған қазіргі даму кезеңдерін қамтитын жоғары технология­лық өнімдер ұсынылды. Бұл маңызды шараның екі елдің сауда-эконо­ми­калық байланыстарын нығайтуда алатын орны зор. Әсіресе, бұл Пав­лодар сияқты шекаралық об­лыс үшін кәсіпорындардың бірлесіп жұмыс жасауы үшін барлық жағынан тиімді болып табылады. Кәсіпорындар басшылары көр­ме өткізу арқылы өндіріс саласын дамытуға орай өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Осы іс-шара шеңберінде өткен дөңгелек үстелде Премьер-Министрдің ор­ын­басары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев көрші елден тартылған инвестициялар жайына тоқталды. Кеден одағының құрылуы екі елдің қай салада болмасын қа­рым-қатынасын арттыра түскен. Өткен жылы арадағы тауар айна­лымы 28 пайызға өскен көрінеді. Мұ­ның ішінде жалпы, тауар алмасу көрсеткіштерінің тең жар­ты­сы шек­ара маңындағы өңірлерге тиесілі болып отыр. Жыл соңына дейін екі ел арасындағы тауар ай­налымы 20 млрд. долларды құра­мақшы. Со­ны­мен қатар, Ертіс өзе­ні бойы­ндағы өзен портын да­мы­ту мен шекараға таяу орналас­қан қазақ­стандық және ресейлік аймақ­тар­ға әуе байланысын орнату жөнін­де облыс әкімі Бақытжан Са­ғын­таев ұсыныс жасады. Көр­ме ба­рысында Екібастұз көмірін Алтай өлкесіне жеткізу туралы мәселе де өз шешімін тапты. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы.