• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2011

Көне құмыра құпиясы

1002 рет
көрсетілді

Облыстан Семейге қарай шы­ғатын үлкен жолдың бойында ау­ылдар көп. Солардың бірі – Қы­зылқоғам деген ауыл. Сол ауыл­дың тұр­­ғыны Ерлан Қалелұлы үйінің ауласын ке­ңей­ту үшін, жер қазып діңгек орнатпақшы бола­ды.  Сөйтіп жүр­­­генде ол кенеттен, адам­ның бас сүйегін көріп қала­ды.  Дереу аудан­дық әкім­дікке де хабарласып, болған жайды айтады. Сол күні Лебяжі ауданында жолсапарда жүрген біздер де көрші ауылда болған  жай­ды естіп, сол жерге барған­быз. Өзіміз де куә болдық. Қаншама жыл сақталған адам денесі мен аузы жа­бық құмыра Ер­ланның аула­сын­да жа­­тып­ты. Облыс орта­­­лығынан В.Мерц бас­таған археолог ға­­­лым­­­дар келіп, та­былған адам мен құ­­­мы­раны жер бетіне сол қалпында шығару үшін ары қарай қазба жұмыс­тарын бастап  кетті. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы.