• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2011

Отырысқа ұсыныстар қаралды

314 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен болған палата бюросының отырысында Сенаттың биылғы 3 қарашада болатын кезекті отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар қаралды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Атап айтқанда, «Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық қо­ры­нан 2012-2014 жылдарға ар­нал­ған кепілдендірілген трансферт туралы» және «2012-2014 жыл­дарға арналған респуб­ли­калық бюджет туралы» заң жо­баларын талқылау жоспарланып отыр. Депутаттар талқысына «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасы да ұсы­нылады. Отырыста депутаттар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің жобасы бой­ын­ша Парламент Сенаты мен Мәжілісі арасындағы келісу ко­мис­сиясының құрамына өз әріп­тестерін сайлайды.
Соңғы жаңалықтар