Бүгін Еревандағы ЕҮАК-нің кезекті отырысында ҚР Премьер-Министрі Қырғызстанмен шекарадағы бақылауды күшейту шараларына түсініктеме берді.
Бақытжан Сағынтаев Қытайдан ЕАЭО мемлекеттеріне тауарлар импортының серпіні Қырғызстаннан басқа, барлық елдерде оның төмендеуін білдіретінін, бұл өз кезегінде Қырғыз Республикасы тарапынан кедендік әкімшіліктендірудің жеткіліксіз деңгейін көрсететінін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан шекарасындағы бақылауды күшейту тек қана жүк тасымалдаушылар тарапынан заң бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.