• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қазан, 2017

Өз өндірушілерімізді қолдауға арналған көрме

379 рет
көрсетілді

Әлем елдерінің ауыл шаруашылығындағы жетістіктерін Астанаға жинады. Астана қаласында «ҚазАгро-2017» және «ҚазФарм-2017» дәстүрлі халық­ара­лық ауылшаруашылық көрмесі жұмысын бастады.

Оған әлемнің 32 елі­нен 300-ге жуық ауылшаруашылық компаниясы жиналды. Биыл сегізінші рет өтіп жатқан айтулы шараның аясы жылдан жылға кеңейіп келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астана қаласы әкімдігі мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың ресми қолдауымен жүзеге асқан көрмені «ExpoGroup» халықаралық көрме компаниясы ұйымдастыруда. 

Үш күнге жалғасатын көрменің аумағы 14 000 шаршы метрді алып жатыр. Бұл жиын ең алдымен еліміздің мал және ауылшаруашылық өнімдерін өн­ді­руде негізгі қозғаушы күш болмақ. Шара­ның ашылу салтанатында Ауыл шаруа­­шы­лығы вице-министрі Ерлан Нысан­баев Премьер-Министрдің орынба­сары – Ауыл шаруашылығы министрі Ас­қар Мырзахметовтің құттықтау сөзін жет­кізіп, көрмеге қатысушыларға сәттілік ті­ле­ді.

«Аграрлық сала – Қазақстандағы же­­тек­ші салалардың бірі. Ол еліміздің эко­­но­микалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету­де үлкен рөл атқарады. Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­та­­масымен қабылданған осы саланы да­мы­­тудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдар­ламасы отандық өндірушілерді қол­даудың басты құжаты болып отыр. Бұл жоба бойынша бүгінгі халық­аралық көрменің отандық тауар өн­ді­ру­шілерге берері мол деп санаймын. Тауар айналымы өрісінің кеңеюі мен өн­дірістер арасындағы әріптестік бай­ла­ныстың дамуы соның айғағы болады дегенге сенемін», деді Ерлан Нысанбаев.

Вице-министрдің сөзінше, еліміз­де агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мем­лекеттік бағдарламасы аясын­да им­портты алмастыру бағыты айқын­далған.

Осы бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі бәсекеге қабілетті өнім­нің отандық өндірушілерін қолдау бо­лып табылады. Осы аспектіде «КазАгро-2017», «KazFarm-2017» көрмесі отан­дық агро­биз­­­­нес­тің шетелдермен ынты­мақ­тастық­ты кеңей­туге, сауда-экономикалық қа­ты­н­ас­­­тарды дамытуға, әріптестік орна­туға д­айын­дығы туралы Қазақстан Рес­пуб­ли­­ка­­сының әлеуетінен хабардар етеді. «Таяу­да Парламент Мәжілісінде «Жол ка­рта­сы» таныстырылды, ол арқы­лы жақын ара­дағы отандық техниканы шы­­­­ғару­дың техни­ка­лық агрегаты мен ауылшаруа­шылық көлік­тері пар­кін анық­­­тай­ды. Мемлекеттік қолд­ау да қарас­­­ты­­ры­ла­тын болады. Біз ауқым­­ды істің ал­­дын­да тұрмыз. Бүгінде отан­дық ма­ши­­­на жасау­­ды дамытусыз ауыл­­шаруа­шы­лы­­ғын өрістету әлеуеті төмен болмақ», деді Е.Нысанбаев.

Алыс-жақын шетелдерден және отан­дық тауар өндірушілерден құралған барлығы 300-ден астам компания Астана­дағы «Көрме» орталығында үш күн бойы түрлі шараларды, келісімшарттар мен бизнес жоспарларды, тәжірибе алмасулар мен келіссөздерді талқылайтын болады.

Көрмеге қатысуға арнайы келген Қатар мемлекеті муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Фалех бин Насер әл-Тани биыл бұл көрмеге алғаш рет қатысқандарын, дегенмен, ауылшаруашылық тауарын өндіру Қатар үшін жат еместігін әңгімеледі. «Біз Қазақстанмен екі арадағы бұрыннан жал­ғасып келе жатқан өзара тиімді ынты­мақ­тас­тықты жетілдіре түсеміз. Осы көр­ме ба­ры­сында біз ең озық тәжірибелер мен ауыл шаруа­шылығы саласындағы соң­ғы үлгі­дегі жаңа технологиялармен таны­са­тын бо­ла­мыз», деді Фалех бин Насер әл-Тани.

Көрмеде ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі саласындағы жетіс­тіктер, сондай-ақ мал шаруашы­лығын­дағы ин­но­вациялар ұсынылады. Жыл са­­йын­­ғы әртүрлі елдердің ұлттық стенд­тері­­­нің қата­рын биыл Испанияның және Ре­сей Фе­де­рациясының Түмен облысы Сау­да-өнер­­­кәсіптік палатасының стендтері то­лық­­­тырған. Негізгі павильонды «Ауылшаруа­шылық техникасы, жаб­­дық және ілес­пе тауарлар» блогы ал­ған.

Мұн­да тех­ни­каның стационарлық және жеке көр­се­тілімдері, сондай-ақ ауылшаруа­­шы­лық клас­терлерінің көр­месі өтуде. «Өсім­дік және көкөніс шаруа­­шы­лық­тары» бло­гында компаниялар өсім­дік­тер селек­ция­сының әдістерін, ең жаңа техно­логия­ларын, сондай-ақ өсімдік сұрып­тарын ұсынған. «Мал шаруашылығы» бөлімінде Қазақстанда өсірілетін асыл тұқымды ірі қара мал түрлерімен танысуға болады.

 

 

Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген  Ерлан ОМАР,  «Егемен Қазақстан»