Кеше Мәжілісте Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Сергей Дьяченконы еске түсіруге арналған жиында «Отан мен халыққа арналған ғұмыр» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Жинаққа Сергей Дьяченко туралы елімізге белгілі достарының, әріптестерінің естеліктері, арнаулары, жүрек-жарды лебіздері мен ой-толғамдары жазылған.
Іс-шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, Сергей Александровичтің жақындары мен туыстары қатысты.
Жиын барысында Сергей Дьяченконың еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуына қосқан үлесі туралы естеліктер айтылды.