• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2017

«Гепасан» дәрі-дәрмегіне байланысты баспасөз мәслихаты өтті

392 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова және Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасына сараптау ұлттық орталығы бас директорының орынбасары Арнұр Нұртаевтың қатысуымен «Гепасан» дәрі-дәрмегіне байланысты баспасөз мәслихаты болды.

 

«Бүгін «Время» қоғамдық-саяси газетінде Михаил Козач­ковтың «Препаратные игры» деген мақаласы жарық көрді. Онда ол «гепасан» дәрісінің медициналық тәжірибеде қолданылуы жөнінде жазып, маған осыған орай пікір білдіруімді сұраған екен. Мәселе отандық дәрі өндіруші «Химфарм» АҚ өндірген «гепасан» дәрісі жөнінде. «Гепасан» ол кардиология және кардиохирургия бөлімшелерінде қолданылатын және жансақтау бөлімінде жатқандар үшін өмірге аса маңызды дәрі. «Иә, шын мәнінде, биылғы жылдың тамыз айында осы дәрі-дәрмекті тіркеу туралы куәлікті біздің сараптамалық ұйым – Дәрі-дәрмекті сараптау орталығының қорытындысы негізінде тоқтатты. Себебі 2016 жылы және 2017 жылдың бірінші жартысында осы препараттың жанама әсері туралы, атап айтқанда, оның тиімсіздігі туралы 4 карт-баяндама келіп түскен. Осы төрт картаны қарастырған кезде, бір карточка жарамсыз болды және біз үш картаның негізінде дәрінің жарамсыз екенін анықтау үшін тіркеу куәлігін тоқтаттық.

Содан кейін екі айдың ішінде біз медицина ұйымдарымен жұмыс істедік, облыстардан, Астана мен Алматы қалаларының барлық медициналық ұйымдарынан келіп түскен хаттарда оның қауіпсіз екені көрсетілген. Компания өндірушісі екі ай бойы Польшаның және Германияның екі еуропалық зертханаларында дәрі-дәрмекті тексерген. Нәтижесінде дәрілік заттың жоғары сапалы және қауіпсіз екені дәлелденді. Сонымен қатар препаратты қолдану бо­йынша нұсқаулықта өзгерістер болды, онда, яғни дәрі-дәрмекте пациенттердің көрсетілмейтін санаты бар, сондықтан дозаны өзгерту немесе басқа препаратқа ауыстыру ұсынылды. Осы ақпаратты мұқият зерделеп, Ұлттық сараптама орталығы аталған дәріні пайдалануға рұқсат беріп және «Химфарм» зауытына елдегі медициналық ұйымдардың бірінің негізінде клиникалық зерттеулерді ұсынады, онда олар гепарин натрий дәруменін ғылыми зерттеумен айналысады», деді Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.

Оның ақпаратына сәйкес, компанияның Денсаулық сақ­тау министрлігіне қарасты Сыз­ғанов атындағы ғылыми-зерттеу институтының базасында клини­калық зерттеу жүргізу туралы ке­лісімшарты да бар.

Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»