Қазақстанның батыс облыстарында орналасқан циклон, үлкен жылдамдықпен солтүстік-шығыс бағытына қарай жылжыйтын болады. Сенбіде ол республиканың шығыс аймақтарына дейін жетеді. Осы циклонмен республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын - жаңбыр, қар, қатты ұшқынды жел, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жаңбыр жаууы мүмкін.
Циклонның артынан Иран аймағынан түсетін құрғақ және жылы ауа массалары Қазақстанның бүкіл территориясына жылу әкеледі. Республиканың солтүстік жартысындағы күндізгі температура +3...+11 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстікте +15...+20 дейін, оңтүстіктің шетінде +23...+28 дейін жылы, яғни қазанның соңы үшін климаттық нормадан жоғары.