Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Отырыс барысында Қордың әрі қарай дамуы, жобаларды іске асыруға, оның ішінде Құрық портындағы паром кешенінің құрылысына және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалануға беруге және т. б. қатысуы мәселелері талқыланды.Оған қоса, 2018 жылға Жұмыс жоспары қаралды.
Айта кетейік, 2008 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Самұрық-Қазына» қорының негізі қаланған. Инвестициялық холдингтің міндеті ҚР ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуды қолдау болып табылады.