ҚР СІМ Каталония автономдық қоғамдастығындағы ахуалға байланысты мәлімдеме таратты.
Қазақстан Каталония автономды қоғамдастығындағы ахуалды Испанияның айрықша ішкі жағдайы ретінде қарастырады және мәселе қатаң түрде Испанияның қолданыстағы заңнамасы шеңберінде өрбуі тиіс деп санайды. Испания Корольдігімен қарым-қатынастарда Қазақстан бұл елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидатын ұстанады.