• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қазан, 2017

Семейде газ баллонды тексеремін дегенде атылып кетті

409 рет
көрсетілді

Семейде газ баллонын сіріңке жағып, тексеріп көрмекші болған 68 жасар ер адам дүрс ете атылған өрттің ішінде қалды. 

Алдымен ас үйі, оның есік-терезесі мен, ас үйдің жабдықтары және ағаш төбесі бірден жанып кетіпті. Лапылдаған өртті сөндіруге 3 техника мен Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 20 адам жұмылдырылды. Өрт 40 шаршы метрді жалмапты. Үй иесінің 15 пайыздай терісі күйіп қалған. 

Өртсөндірушілер оған алғашқы жәрдем көрсеткенмен, ер адам ауруханаға барудан бас тартып отыр. Мамандардың айтуынша, өрт оқиғасы орын алуға екі жағдай себепкер болуы мүмкін: газ құралдарын іске қосудағы  сақталмаған өрт қауіпсіздігі немесе от жаққанда сақтық шаралары сақталмаған.  

Раушан Нұғманбек,

суреттерді түсірген автор

Семей