• RUB:
    5.41
  • USD:
    483.57
  • EUR:
    534.49
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2011

Құқық тәртібі бақылауға алынды

314 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 13 тамыздағы нөмірінде жарық көрген «Тәртіп қайтсе орнығады?» деген мақаладағы деректер Семей қалалық әкімдігінде өткен ведомствоаралық комиссия жиынында Семей қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Е.Сыдықовтың қылмыстық ахуал жайындағы баяндамасында өзекті мәселелер ретінде келтірілген болатын. Мысалы, тек 2011 жылдың басынан бері Семей қаласына ауылдық жерлерден қоныс аударғандар саны былтырғымен салыстырғанда 2 мың адамнан артып отыр. Саяжайларда орын алған 149 ұрлық пен 9 тонау қылмыстарының барлығы дерлік түнгі уақытта істелген, бұл оқиғалар болған жерлер мен көшелердің көпшілігінде түнгі жарық орнатылмаған. Семей қаласы көшелерінде орын тепкен 56 сыра сататын дүңгіршектер мен палаткаларды тексеру нәтижелері олардың екеуінде ғана қажетті рұқсат қағаздары бар екендігін көрсеткен. Аталған жиында Семей қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Е.Сыдықов осы жәйттерді талқыға салып, бұл өзекті мәселелерді кешенді түрде жергілікті билік орындарымен бірлесе шешу туралы сөз қозғаған болатын. Полиция қызметкерлері тарапынан қолдан келген шаралар істелінуде. 2011 жылдың 7 айында осы «Восточный» саяжай алабында полицияның учаскелік қызметкерлері құқық бұзушылық фактілері бойынша 465 әкімшілік хаттама толтырып, қатысты адамдарды тиісті жауапкершілікке тартқан. Қазіргі уақытта «Восточный» саяжай алабы аумағында қызмет жасайтын полицияның екі атты патруль бағыты, бір жаяу патруль бағыты, бір автокөлікпен патруль жасау бағытына қосымша тағы екі атты патруль бағыты, бір жаяу патруль бағыты белгіленді. Б.ҚАСЕНОВ, Семей қалалық ІІБ бастығының орынбасары.