• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2011

Елдік құндылықтар айнасы

446 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің бір белгісі оның ономастикалық саясатынан көрініс табатыны белгілі. Бұл орайда көптеген оңтайлы істер атқарылып, халықтың көңілі өсіп қалғаны анық. Жалғыз мысал айталық. Тәлім тарихымыз қатталған Щучье ауданы осыдан екі жыл бұрын Бурабай болып өзгергендегі қуанышты елеулі оқиғалар санатына жатқыза аламыз. Шаттығымызды «Егемен Қазақстан» газеті «Атыңнан айналайын, беу Бурабай!» деген тақырыппен жалпақ жаҺанға жеткізген болатын. Бурабай бүгін тағы да сілкініс үстінде. Мұнда Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті ұйым­дас­тырған «Өңірлердегі ономастика мәселелерін реттеу жолдары» атты республикалық «дөңгелек үстел» мәжілісі өткізілді. Астана және Алматы қала­ла­рындағы, барлық облыстардағы тіл басқармалары ономастика бө­лімдерінің басшылары, Байланыс және ақпарат министрлігі жанын­дағы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің ма­ман­дары, аудан әкімдерінің орын­басарлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жиынды Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің басқарма бастығы Серік Сәлімов кіріспе сөзбен ашты. Күн тәртібіне шығарылған «Қа­­зақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне оно­мас­ти­ка мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында әзірленген «Тәртіп» жобасы және «Әкім­шілік-аумақтық бірліктердің және геоним атауларын біріздендіру мә­селелері туралы» респуб­лика­лық «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бөлім бастығы Зәу­ре Әлімова мен Ш.Уәлиханов ат­ын­дағы Көкшетау мемлекеттік уни­верситетінің профессоры Қа­дыржан Әбуовтің баяндамалары тыңдалды. Оны талқылауға Ақмола, Шы­ғыс Қазақстан, Қостанай, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары тілдерді дамыту басқармала­ры­ның бастықтары Ғосман Төлеғұл, Роза Төлемісова, Жарасхан Нау­рызбаев, Гүлнар Битебекова, Жомарт Ерназаров, Алтынгүл Әбжә­лиева мен Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Әлия Аманжолова қатысты. Мінберге көтерілген басқа да шешендер ономастика жөніндегі құқық­тық негіздерді жетілдіру, оның қолданылу тетігін айқындап, іске асыру жолдарын әзірлеу, бұл ретте бұқара халықтың тілектерін ескеру жөнінде ұсыныстарын ор­таға салды. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.