• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2011

Сенім грамотасын тапсырды

328 рет
көрсетілді

30 қазанда Маскат қаласында Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Оман Сұлтанатындағы Төтенше және өкі­летті елшісі Е.Әбілдаев Оман Сұлтаны Қабыс бен Саид­қа Сенім грамотасын тапсырды. Еліміздің осы мемлекеттегі алғашқы елшісінен Се­нiм грамотасын салтанатты қа­былдау рәсiміне Оман Сұлтанатындағы жо­ғары лау­азымды адамдар қа­тысты. Олардың ішінде мем­­лекеттік сыртқы істер министрі Юсеф бен Алауи да болды. Сенiм грамотасын сал­та­натты тапсыру рәсiмінен кейін тараптар екі-жақты қа­рым-қатынастардың өзекті мәселелерін талқы­лап, халықаралық ұйымдар шең­беріндегі өзара іс-қи­мыл жай­ын сөз етті, деп ха­бар­лады Қазақстан Респуб­ли­касы Сыртқы істер ми­нис­трлігінің баспасөз қызметі.