• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2011

Есірткінің жолы кесілді

330 рет
көрсетілді

«Кендір-2011» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында «Қорағаты-Тәтті» бекеттер аралығында 45 жастағы, бұрын сотталған, РФ тумасы, Риддер қаласының тұрғыны С. деген азамат ұсталды. Одан салмағы 150 кило «кептірілмеген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азамат Луговой бекетіндегі ЖІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта мұндай оқиғаларға байланысты қозғалған қылмыстық істердің саны 403-ке жетіп, алынған есірткі заттардың жалпы салмағы 7 тонна 795 кг., соның ішінде «героин» 15 кг. 366 гр. құрап, өткізу фактілері – 159, есірткі контрабандалары 25-ке ұлғайды. Бұл туралы Көліктегі ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полиция майоры Н.Абылқасенов баяндады, – деп хабарлады Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.