Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов елімздегі және әлемдегі экономикалық түрленулерге қатысты техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мамандықтарының жіктеушісі қалай өзгергенін айтып берді.
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, 2017 жылы жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, ТжКБ жіктеушісіне 28 жаңа мамандық пен 130 біліктілік енгізілді.
Сонымен қатар жіктеуші Үшінші өнеркәсіптік революциямен, роботтандырумен, автоматтандырумен байланысты тән емес мамандықтармен толықты. Мысалға, өнеркәсіптік электроншы сияқты мамандық пайда болды.
«Біз жай ғана жаңа мамандық жасап қана қоймай, оған арнап сәйкес бағдарлама, жоспар әзірледік, оқулықтар мен оқу құралдарын жасадық, бес мыңға жуық педагогты оқыттық. Бұл жұмысты 100% орындадық деп сеніммен айта аламын», — деп атап өтті вице-министр.
Бұдан өзге, А. Аймағамбетов «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жаңа бағдарламасы аясында алғашқы жұмысшы мамандықты қазақстандықтар тегін ала алады. Тағы бір жаңашылдық — егер бұрын 2 жыл 10 ай оқып, студенттер бір ғана біліктілік алса, қазір бірден үш біліктілік алу мүмкіндігі пайда болды.