• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2011

Жасампаз жоба

607 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың үстіміздегі жылдың 26 қазанында Ресейдің «Известия» газетінде жарияланған «Еуразиялық Одақ: идеядан болашақтың тарихына» деп аталатын мақала­сы­на байланысты үнқосулар жалғасып жатыр. Төменде Ел­ба­сының аталған жарияланымына байланысты ресейлік үш ғалымның үнқосуын назарларыңызға ұсынып отырмыз.  Мұны мегажоба деген жөн Қазір, еуразиялық жобасы шын­дық­қа айналған тұста сенімдері бой­ын­ша ресейлік мемлекетшілер де, сол сияқты біздің нақты сектордың шаруагерлері де посткеңестік кеңістікте шаруашылық реинтеграциясы құнды­лық­тарын  ілгерілету мен қорғау ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызме­ті­не өздерінің ризашылықтарын білдіруге барлық негіздері бар. Бұл еуразиялық идеясы, ақыр со­ңын­да, жаңа әлемдік архитектурада өзін өзі қамтамасыз ететін мегажоба ретінде Еуразияның екі бөлігінің экономикалық өсім және техникалық жаңғыру әлеуетін жалғастырушы ба­сым­дығына ие бола түскенін атап көр­сеткен жөн. Өзара құрмет, ұлттық біртектілік және біздің ортақ болаша­ғы­мыз бен сырттың жол көрсетуінсіз-ақ жарыла бөлінбейтінімізді сезіну мүм­кін­дігі де өзіміздің өңірлік инте­гра­цияларымыз арқылы дәлелденген. Әрине, бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев әділетті атап өткеніндей, бұл салада маниловщина, оқиғаны қолдан дабы­рай­ту жат, жоғары кәсіби шешім қажет. Онымен ортақ экономикалық кеңіс­тік­ті жүзеге асыру бизнес пен биліктің (сауда палаталары, РСПП секілді органдар, іскерлік одақтар, т.б.) жүйе­лен­ген үнқатысуын талап етеді. Бұл біздің интеграциямыз қолдан жасалған емес, барлық қатысушы елдер кәсіпорындар деңгейінде кәсіп­кер­ліктің тірі материясын құруы тиіс екендігімен толық келісуге болады. Иван ИВАНОВ, Ресей Ғылым академиясының академигі.   Ерен еңбегіңіздің нәтижесі Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Пост­кеңестік кеңістікте ЕурАзЭҚ, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) және болашақта Еуразиялық экономикалық одақ түріндегі инте­гра­циялық жобаларды құруға бағытталған сіздің көп жылғы қызметіңізге шын жүректен шыққан ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Сіздің «Еуразиялық Одақ: идеядан болашақтың тарихына» деген «Из­вес­тия­ға» шыққан мақалаңыз – ілгері жұ­мыстың жарқын мысалы. Онда Сіз түрлі өңірлік одақтардың кең ауқымды қызметін теориялық тұрғыдан ортақ бір арнада тоғыстырып, посткеңестік елдер үкіметтерінің тәжірибесін көр­сет­кенсіз, сондай-ақ оның болашақ көкжиегін белгілегенсіз. Бұл мақала – Сіз сонау 1994 жылы, «егемендіктің эйфориясы» кезеңінде-ақ еуразиялық интеграция идеясын ілгері жылжытып, біздің елдеріміздің қазіргі кезеңдегі өзара іс-қимылы тетіктерінің негізін қалаушы болғаныңызды тағы бір еске салудың лайықты себебі. Сол шақта біз оны тек қызықты ғылыми ұсыныс ретінде ғана қарастыра алсақ, қазір ол көп жағдайда Сіздің осы идеяңызды үкіметтерге, сарапшылар қоғамына және біздің елдердің тағдыры қымбат кім-кімге де сендіре алғаныңыздың арқасында тәжірибе жүзінде іске асуға толық мүмкіндік иеленіп отыр. Осы жылдардың барлығында да Сіз ТМД және ЕурАзЭҚ елдерімен сауда және инвестициялық ынтымақтастық ауқымын тікелей ұлғайтуға арқа сүйей отырып, Қазақстан экономикасын ор­нық­ты дамыту жолында жұмыстан­ды­ңыз әрі осы идеяны ілгерілетумен де дәйектілікпен айналыстыңыз. Бүгінде, әлемдік экономикадағы және қаржы­да­ғы жаһандану, сондай-ақ тұрақсыз ахуал жағ­дайында дәл осындай қадам мен ин­те­грациялық үдерістерге парасатты көз­қа­рас ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және БЭК-ке мүше елдердің әлемдік қаржы-эконо­микалық дағдарыс салдарын бірлесіп күш-жігер жұмсау арқылы ғана еңсеруге болатынын, сөйтіп, экономи­ка­лық өсімді қалпына келтіруге өтуге мүмкіндік туғызатынын көрсетіп беріп отырды. ЕурАзЭҚ елдері үкіметтеріне ин­те­гра­циялық үдерістерді тереңдетуге ба­ғыт­талған болашақ жұмыстарын жос­пар­лағанда ЕО-ның кері тәжірибесін есепке алу керек. Қоғамдастық пен Кеден одағының тек кеңесу және  жалпы ұсыным енгізетін ұйымдар ғана емес, нақты құрылымдармен жұмыс істейтін мемлекетаралық органдар қызметінің өсе түсіп отырған тиімділігін қанағат­пен атап өткен жөн. Кеден одағы осы жоғары қарқынның арқасында ал­ғашқ­ы кезде белгіленген жоспарлармен салыстырғанда өте қысқа мерзімде құрылып, БЭК-тің келісім-шарттық арқауы қалыптастырылу үстінде. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз – бүкіл әлемде танылған және құрметтелген Қазақстанның шынайы көшбасшысы­сыз. Сіз өзіңізді идеясын қоғамдастық­тың басқа елдері президенттері қол­дай­тын көреген саясаткер ретінде көр­сеттіңіз. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайтын БЭК – бұл Беларусь, Қазақстан және Ресей интеграциясы ісіндегі ауқымды табыс. Мұның интеграциялық үдерістерді одан әрі ілгерілетіп, Еуразиялық эко­но­микалық одақ құруды жылдамдата­ты­ны анық. Онда тек рыноктар ғана бірлесіп қоймайды, сондай-ақ страте­гия­лық жоспарлар мен посткеңестік кеңістіктегі барлық елдер дамуының перспективалары қамтылып, кім-кім үшін де ашық осы экономикалық одаққа оның мақсаттары мен міндеттері және ұмтылыстары ортақ басқалар да қосылады деп үміттенеміз. Сіздің еуразиялық идеяңыз қуатты ин­теллектуалдық және практикалық қол­дау көрді. Прагматизм мен күшті, ғылыми негізделген идеологиялық құ­рам­дас қосындысы – Еуразиялық эко­но­микалық одақтың бәсекеге қабі­леттілігі өсімінің табысқа жеткізетін басты шарты әрі формуласы, міне, осы. Одан әрі қарай, Сіз дұрыс атап өткеніңіздей, біздің ортақ болаша­ғы­мыз­дың стра­тегиясы – Еуразиялық одақ. Жақында «Нұрсұлтан Назарбаев­тың жүзеге асқан Еуразиялық жобасы» деп аталатын жаңа кітапты оқып шыққанымды атап өткім келеді. Еңбек еуразиялық интеграцияны ілгерілету жөніндегі Сіздің үлкен күш-жігеріңізді жан-жақты зерттеу болып табылатыны сөзсіз. Үлкен құрметпен және ең жақсы тілектермен Р.С.ГРИНБЕРГ, РҒА Экономика институтының директоры,  РҒА мүше-корреспонденті.   Еліктегіш емес, жаңашыл ұтады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Еуразиялық Одақ: идея­дан болашақтың тарихына» мақа­ла­сы дүние жүзінде және Еуропа мен Азия құрлығында жүріп жатқан үде­ріс­терді өзінің стратегиялық тұрғыдан көруімен ерекше назарды қажетсінеді. Автор – жоғары мемлекеттік лауазым­дардағы кеңестік және посткеңестік уа­қыттардағы көпжылғы жетекшілік тәжірибесімен ақылы толысқан, көп­қыр­лы білімдар және дамудың перс­пек­тивалы үрдістерін түсінетіндігімен ерекшеленетін тұлға. Ол бұрынғы Кеңес Одағы аумағында қалыптасқан біртұтас шаруашылық тетіктерінің 90-шы жылдардың басындағы бұзы­луы­нан келген орасан зардаптарды көл­де­нең тартады. Сол кезде Одақ құ­ра­мын­да болған барлық республикалар зардап шекті. Сол уақыттан бері мақала авторы Еуразия кеңістігінде интегра­циялық үдерістерді, бірінші кезекте экономикада дамыту мен күшейту идеясын шаршамай-талмай ілгерілетіп келеді. Және оның сенімділігі мен белсенділігі өзінің жемісін беріп отыр. 1994 жылы, ол мемлекеттердің Еур­азиялық одағын құру тұжырымда­ма­сын алғаш ұсынғанда, көптеген саясаткерлер оны қабылдауға дайын емес еді. Бірақ уақыт пен экономикалық факторлар айтылған тұжырымдаманың пай­да­сына жұмыс істеп,  көпшілік еур­азия­лық ин­те­грацияның ұзақмерзімді әлеуетіне түсіністікпен қарай бастады. 2000 жылы Белоруссияны, Қазақстан мен Қыр­ғыз­станды, Ресей мен Тәжік­станды біріктірген Еуразиялық эконо­ми­калық қоғам­дас­тық пайда болды. 11 жыл бедерінде ЕурАзЭҚ ортақ проб­ле­маларды шешуде тәжірибесі артып, бірқатар маңызды құрылымдық институттар – Еуразия Даму банкін, Дағ­дарысқа қарсы қор қалып­тас­тырды. Ол басқа елдер ерікті негізде қосылу үшін ашық. Еуразиялық инте­гра­цияның және бір­тұтас экономикалық кеңістік құры­луының локомотиві қыз­ме­тін үш мемлекет атқарып келеді. Олар: Кеден одағын құрған Ресей, Қазақстан, Белоруссия мемлекеттері. Аталған үш ел алдарына қазіргіден де тығыз эконо­ми­ка­лық өзара іс-қимыл міндеттерін қойып отыр. Осының барлығы жинала келіп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің интеграция мәселелерін қам­ти­тын кезекті мазмұнды мақаласында белгілі бір қорытынды жасауға негіз болады. Оның батыл ой-пайымдары қазіргі таңда бұрынғыға қарағанда ың­ғай­лырақ негізге сүйенеді. Оның үс­ті­не, салдары әлі де толық еңсерілмеген әлемді дүр сілкінткен жаһандық эко­но­микалық дағдарыс күн тәртібіне эконо­ми­калық жаһандану мен әлемдік инс­титуттардың және халықаралық еңбек бөлінісінің жұмыс істеуінің бұрынғы идеологиялары мен практикаларын қай­та санадан өткізу мәселесін шы­ғар­ды. Еуразиялық идеясы бұрынғы Ке­ңес Одағы шекарасынан шығып, Еуропа мен Азия арасындағы – ЕурАзЭҚ-ты Еуропалық Одақпен, басқа да Еуропа елдерімен, Орталық, Шығыс, Оң­түстік-Шығыс және Оңтүстік Азия елдерімен біріктіретін  көпір жобасына айналды. Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы бұл жобаның перспективалары мен ба­сымдықтарын сенімді түрде дәйек­тей­ді. Оның талассыз жаңашылдығы мен құндылығы, міне, осында. Бұл жерде әңгіме болашақ әлемдік дамудың стра­тегиясы, жаңа әлемдік архитектура тудыратын мегажоба – елдердің ын­ты­мақтастығын дамытудың бәсекеге қа­бі­леттілігі мен жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық жа­ң­ғыр­ту мүмкіндігін жіберіп алмауды қа­растыратын уақыт келгенін көрсететін жоба жөнінде болып отыр. Автор Еуразия кеңістігін қуатты инновациялық және технологиялық серпінділік үшін перспективалы аумақ ретінде қарас­ты­рады. Оның негізінде, әрине, инте­гра­циялық ынтымақтастық жатады. Ол елді өтпелі экономикадан шығара алмай, мәң­гілік кенжелеп қалатын «мо­де­рни­за­ция­ны қуушының» болашағын көр­мей­ді. Қуушы модельді жақтау­шы­лардың бәрі бірдей мұнымен келісе қой­мас. Дей тұрғанмен, тарих дәлел­де­геніндей, стратегиялық тұрғыдан еліктеушілер емес, жаңашылдар жеңетіні белгілі. Автордың пікірінше, ұсынылған жо­ба­ны жүзеге асырудың іргетасы қаты­су­шылар арасындағы еркін және демо­кра­тиялық қарым-қатынастар болуы тиіс. Олардың прагматикалық мүдделері мен дамудың қосымша мүмкіндігінің ортақ басымдығын сезінулері осылай дегізеді. Бұл толық тең құқылықтан, кез келген қысым көрсетушіліктің болмауынан, шынайы әріптестіктен туындайтын  иілмелі және түрлі деңгейлі өзара іс-қимыл сипаттарынан көрінуі тиіс. Қазіргі көпқырлы әлемде экономи­ка­лық және саяси дамудың ауырлық кіндігі барған сайын Қытай мен Үн­дістан жағына – планетадағы халық ең тығыз қоныстанған, өсімнің рекордтық қарқынын көрсетіп келе жатқан елдерге қарай ауыса бастады. Бұл Еуропа мен Азияның экономикалық және саяси өзара іс-қимылын жоғары деңгейде перспективалы ете түседі. Сондықтан осы көп үміт күттіретін, бірақ, сонымен бірге, жет­кілікті деңгейде ұзақ үдерістің штаб-пәтерін Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия кеңістігінің кіндігінде орын тепкен Қазақстан астанасында орналас­тыруды тектен-тек ұсынбаса керек. Бұл ұсыныс өзін толықтай ақтайтындай көрінеді. О.Т.БОГОМОЛОВ, РҒА Халықаралық экономикалық және саяси зерттеулер институтының құрметті директоры,  РҒА академигі.