• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2011

Инновациялық жобалар пысықталды

295 рет
көрсетілді

Кеше Астанада «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев қор компанияларында атқа­ры­лып жатқан иннова­ция­лық жоба­лар­дың даму мә­се­ле­лері тур­а­лы жұмыс кеңесін өткізді. Жұмыс кеңесіне «Самұрық-Қазынаға» еншілес ірі компаниялар мен ұлттық компаниялар бас­шылары қатысты. Олар өз са­ла­лары бойынша атқарылып жат­қан инновациялық жобалардың даму барысы жөнінде егжей-тегжейлі есеп беріп, олардың қазіргі таңда қаншалықты жүзеге асы­рылып жатқандығын айтып өтті. Кеңесті аша отырып, басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев ин­но­ва­цияны дамыту бағыты ел эко­номикасының негізгі басым­дық­та­рының бірі болып табыла­тын­дығын атап өтті. Холдингте ІЖӨ 60%-ына дейін құрайтын мем­ле­кеттің негізгі экономикалық активтері шоғырланғанын ескере отырып, қор компанияларының өзі инновацияларды енгізу ісінде бірінші болып үлгі көрсетіп, нәтиже шығаруы керек. Осыған байланысты, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы еншілес компаниялардың 10%-ға дейінгі таза табысты инновацияларды дамыту мен енгізуге бөлуі жөнінде шешім қа­былдады. Кеңесте сөз сөйлеген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың басқарма төр­ағасы Асқар Мамин мен «Қазатом­өнер­кәсіп» ҰАК басшысы В.Школьниктің пікіріне ден қойсақ, қазіргі таңда негізгі міндет ретінде компанияларда инно­вациялық жобаларды ынталандыру мен дамыту жөніндегі жүйені дұрыс ұй­ым­дастыру алда тұр. Биыл «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ин­новациялық бағытты 7 компания арқы­лы қаржыландыруды 5 есеге көбейтпек.  Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев баяндап өтті. 2015 жылы инновацияға бөлінетін қаржы 72 млрд.теңгеге жетпек. Оның айтуынша, қор инновациялық жобалар тізбегін қалыптастыруды бастап та кеткен көрі­неді. Қазіргі уақытта оның қатарында 19 жоба бар, атап айтсақ, қор тізіміне «ҚазМұнайГаз» АҚ 6 жоба, «Қазақстан темір жолы» АҚ – 6, «Қазатомөнер­кә­сіп» ҰАК 4 жоба, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта», «Кегок» АҚ 1 жобадан енгізген. Кеңесте инновациялық мәдениетті енгізу және компанияларда ғалымдар мен инженерлердің білікті командасын қалыптастыру қажеттігі айтылды. Сон­дай-ақ еншілес ұйымдардың менеджментіне техникалық және басқару пер­соналын әзірлеу жөніндегі іс-шара­ларды өздерінің кадрлық бағдарла­масына қосу тапсырылды. Венера ТҮГЕЛБАЙ.