• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2011

Алдын ала нәтижелерімен құттықтады

290 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қыр­ғызстанда болып өткен президенттік сайлаудың алдын ала нәти­же­ле­ріне байланысты кеше мәлімдеме таратты. Онда былай делінген: «Қа­зақстан Республикасы Қырғыз Республикасында тыныш жағдайда және ашықтық ауанында өтіп, ел азаматтарының еріктерін білдірулерін қамтамасыз еткен президенттік сайлаудың алдын ала нәти­же­лерінің қорытындыларымен құттықтайды. Біз бауырлас елдің таңдауын құрметтеп, саяси тұрақ­тылықты нығайтуға бағытталған күш-жігерді, Қырғызстанды эконо­микалық және демократиялық тұр­ғыдан одан әрі дамытуды дәйектілікпен қолдайтын боламыз. Қазақстан Қырғыз Республикасында өткен сайлау елде бейбітшілік пен келісімді сақтауға, жасампаздық бағытымен ілгерілеуге ықпал ететініне сенім білдіреді».
Соңғы жаңалықтар