• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2011

Жарқайыңдық диқандар табысы

338 рет
көрсетілді

Астықты Ақмола облысы мерекелі жылғы егін орағын бұ­рын-соңды болмаған рекордты көрсеткішпен аяқтады. Қамбаға 6 миллион тоннадан астам ырыз­дық дәні жеткізілді. Мұ­ның 1 миллион 25 мың тоннасы Жарқайың ауданы диқан­дары­ның үлесінде. Аудан әкімі Аманбек Қал­жа­нов газетіміздің тілшілер қо­сы­на хабарлағанындай, барлық 509 мың гектар алқаптың әр гек­та­ры­нан 20 центнерден астам қы­зыл дән жиналды. Жаңа өнімнің сапа­сы да жоғары. Яғни, оның қамыр­лылығы 30 пайызға дейін жетеді. Рекордты өнім – жарқайың­дық диқандардың, алғашқы тың игерушілер ұрпағының қажыр­лы еңбегінің, жер өңдеудің за­ма­налық технологиясын енгізу­дің, жаңа әрі қуатты техни­ка­лар­ды пайдаланудың, жоғары сапалы тұқымдық материалды қолданудың, барлық істегі ұқып­тылық пен тиімділіктің жемісі. Жарқын жүзді жарқайың­дық­тарға облыс әкімі құттықтау хат жолдады. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы. Суретте: Аудан әкімі А.Қал­­жанов «Костычев» және «Те­мірлан» ЖШС ди­рек­тор­лары Б.Қабжанов және Е.Алинмен бірге жайқалған егінжай те­ңі­зінде.