• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2011

«Астана» «Дакар-2012-ге» жол тартты

249 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» қоры­ның қолдауымен «Астана» спорт ко­ман­дасы ралли-рейд бойынша осы­мен екінші рет «Дакар-2012» ралли планетасына сапар шекті. Осы экипаждың дебюты алдың­ғы «Дакар-2011» турнирінде ең күр­делі жүк машиналары кла­сын­да жалпы есепте сегізінші орын алып, таңқаларлық нәтиже көр­сет­­кен еді. Автокөлік саласы са­рап­шыларының пікірінше, бұл бірінші рет қатысқан команда үшін ауыз толтырып айтар­лық­тай көр­сет­кіш екен. Команда «Дакар-2012-ге» жол тарта оты­рып, бұл сапарда да біршама жетістікке қол жеткіземіз деген үміт­терін білдіруде. Аталмыш шараға орай осы тақырып жа­йын­да елордада «Са­мұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқар­ма төр­аға­сы Тимур Құлыбаев жа­рыс­қа қа­ты­сатын бірқатар экипаж мүше­лері­мен бірге баспасөз мәс­ли­хатын өткізді. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры еліміздің атын бүкіл әлемге паш ететін «Астана» спорт командасын қолдайды. Бұл ретте мен өзіміздің команда үшін мақтана аламын. Менің ойымша бұл спортшылар бүгінгі Қазақстанды дүние жүзіне таны­та алады. Біздің жас мемлекет сияқ­ты олар көшбасшы болуға, тіпті әлемдік танымал командалардан озуға барын салып, Отаны­мыз­дың беделін халықаралық аренада биіктен көрсетеді деп есептеймін, – деді Тимур Құлыбаев. «Дакар-2012» раллиі үш елде өте­ді. Атап айтқанда, Аргентина мен Чили аумағындағы бағыт­тар­­­ды бағындырса, осы жолы оған жолсыз Перу қосылмақ. Ұйым­дастырушылардың ай­туы­на қа­ра­ған­да, бұл сайысқа қатысу­шы­лар­ға талапты күрде­лен­діру­мен қа­тар, турнирді бұ­рын­ғы­дан да қыз­ғылықты ете түсе­тінге ұқсайды. Сондай-ақ, команда мүшелері қатал оңтүс­тікамерикалық ландшафпен да­йын­дықтарының жо­ғары екендіктерін де назардан тыс қал­дырмайды. Раллиге қатысатын «Астана» командасының қазіргі құра­мы жа­йы­на келер болсақ, команда капи­та­ны Артур Ардавичус: «Ко­ман­даның барлық қа­ты­су­шы­лары бір­неше реттен түр­лі ха­лық­­ара­лық раллиге қа­тысқан спорт­шы­лар. Ал бес қатысу­шының ал­дың­ғы «Дакардан» тә­жірибесі бар. «Са­мұ­рық-Қазына» қорының қол­дауы­ның арқасында біз өткен жыл­ғы жеткен жетістіктерімізді қайта­лау­ға барлық күш-жігері­мізді салатынымызға және бұл сында лайықты бағаға ие бола­тын­­ды­ғымызға сеніміміз зор. Біз мұн­дай табыстарға сенімді отан­дық жанкүйерлерден күтеміз», – деді. «Астана» велосипед коман­да­сының осыдан біраз уақыт бұ­рын­ғы халықаралық жеңіс­тері арқа­сын­­да танымал болға­нын еске сал­сақ, қазіргі таңда «Астана» «Са­мұрық-Қазына» қоры қол­дай­тын жалпақ жұртқа танымал спорт клубының атауы болып отыр. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.