• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2011

Заман талабына сай даму

525 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­­­да­рында аяғын тәй-тәй басып келе жатқан мемлекетіміздің қай саласына болмасын оңай тимегені рас. Денсаулық сақтау сала­сы да бұл қиындықты айналып өте алмады. Ол кезең­дерден бері де бірнеше қайта құруларды бастан өткердік. Со­ның барлы­ғы да егемен еліміз­дің медицина саласын дамыту­дың қадамдары болатын. Әсіре­се, Қазақстан Рес­публикасы Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарла­масы аясында көптеген істер ат­қарылды. Мысалы, 2006 жылы аудандық орталық ауруха­наға жаңа үлгідегі ғимарат берілсе, 2007 жылы аудандық емхана күніне 250 сырқат қабыл­дайтын, соңғы үлгідегі құрал-жаб­дық­тармен жабдықталған жаңа 2 қабатты ғимаратқа ие болды. Аудан бойынша құрамына 10 дәрігерлік амбулатория, 25 ме­дици­налық пункт кіретін аудан­дық емхана, аудандық орталық аурухана, туберкулезге қарсы аурухана, аудандық са­ни­тарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас­­қармасы, темір жол сани­тарлық қадағалау басқарма­сы­ның бөлімі, обаға қарсы кү­рес стансасы, сонымен қатар «Ақ­ниет» стоматологиялық ем­ха­насы, бірнеше стоматология­лық бөлмелер мен дәріханалар халыққа қызмет көрсетеді. Қазір аудандық емханада 54 дәрігер 176 медбике абыроймен қызмет етуде. Соңғы үлгідегі құрал-жаб­дықтар орналасқан физиоте­рапиялық, оториноларино­логия­лық, хирургиялық, офтальмо­ло­гиялық, профпатологиялық, эн­доскопиялық, рентгено­логия­лық, лабораториялық бөлмелер жұ­мыс істейді. Емхананың мате­риал­дық-техникалық базасының және қызметкерлердің қызмет са­па­сы­ның өз деңгейінде еке­нінің дәлелі емдеу мекемесінің былтыр 4 жыл мерзімге аккредитациядан өтуі. Өткен жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіліп, медициналық көмек сапасын арттыру, қаржылық жүйені жетілдіру басты назарда ұсталды. Атал­ған жүйе негізінде элек­тронды жатқызу бюросы порта­лы жұмысын бастап, қазір толық­қанды қызмет етуде. Соңғы 5-6 жыл көлемінде белгілі бір жас­тағы адамдарды тұрақты түрде скринингтік тексеруден, яғни медициналық қараудан өткізуде­міз. Бұл тексерулер көптеген ауруларды ерте сатысында анық­тап, емделуге мүмкіндік береді. Биылдан бастап балалардың ара­сында кездесетін науқастарды интегралды емдеу әдістері кеңі­нен қолданыла бастады. Бүгінгі таңда емхана ғимара­тындағы дәрігерлер бөлмесі то­лық­тай компьютерлендірілген, барлық компьютер орталық желіге қосылып, интернетпен қамта­масыз етілген. Электронды ақпа­рат алмасуға толық жағдай жа­сал­ған. 2010 жылы ақылы қыз­меттен түскен қаражатқа жедел жәрдем, күндізгі стационарға ар­налған ғимарат және санитарлық автокөліктерге гараж құрылысы салынып пайдалануға берілді. Бұл үнемі жоғарыға қарап қол жая бермей ішкі мүмкіндікті пайдалана отырып, саланы дамыту­дың бір ғана көрінісі. «Қыз­меткерге жағдай жаса, сосын жұмыс сұра» – біздің ұстанатын басты қағидамыз. Осы негізде зиянды факторлармен жұмыс істейтін қызметкерлерге күніне 0,5 литр сүт, алқаптық принципте жұмыс істейтін дәрігерлерге ай сайын 1000 бірлік актив беріледі. Емхана ғимаратының іші-сырты толықтай бейнебақылаумен қам­та­ма­сыз етілген, бұл да қазіргі заман талабы. Аудандық емхана құрамына кіретін дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер де жыл сайын материалдық-тех­никалық жағдайы жақсарып бой түзеп келеді. Соңғы жылдары Біршоғыр, Аққайтым дәрігерлік амбулаторияларының құрылысы жаңадан салынса, Бозой, Ай­шуақ, Тоғыз, Толағай, ДА-лары, Қаратоғай, Жылтыр МП күрделі жөндеуден өтті. Биыл құны 14 млн. теңгеге Есет ауылы меди­циналық пунктінің құрылысы жүр­гізілуде. Бозой, Айшуақ, Бай­қадам, Аққайтым, Мөңке би, Қауылжыр дәрігерлік амбулато­рияларында санитарлық автокө­лік тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуде. Өткен жылы біздің аудандық емхана шаруашылық жүргізу құ­қындағы мемлекеттік комму­налдық кәсіпорын болып қайта құрылды. Бұл мекеменің қазіргі заманға сәйкес дамуының кезекті бір сатысы болды. Аудан көле­мінде жергілікті қазба байлық­тарды өндіру үшін әртараптан келіп жұмыс істеп жатқан отан­дық, шетелдік компаниялар осы кезге дейін өз қызметкерлерін ме­дициналық байқаудан облыс орталықтарында өткізіп келсе, енді бұл компаниялармен сенімді серіктестік орнап, келісім-шарт негізінде олардың қызметкер­ле­ріне медициналық қызмет көрсе­туді жолға қойдық. Мекеменің мұндай жүйеге көшуі қызметтің сапасы мен кө­леміне қарай үстемеақы төлеуге мүмкіндік берді. 2007 жылмен салыстырғанда биыл дәрігерлер мен медбикелердің еңбекақысы екі есе өсті. Тәуелсіз мемлекетіміздің бас­ты байлығы – адам денсаулығы екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтып қана қоймай, халық­тың дені сау болуы үшін тұрақты жағдай туғызып келеді. Сондық­тан ел медицинасының бұдан әрі де қарыштап дамитынына сенім мол.  Жексен КӨПТІЛЕУОВ, Шалқар аудандық емханасының бас дәрігері,  ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі.  Ақтөбе облысы.